ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

«ТАЗА САНА, ТАЗА ҚАЛА» ЖОБАСЫ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

17:37, 11 маусым 2019

Енді халықтың әлеуметтің мәселесін жақсартуға жас мемлекеттік қызметшілер де үн қоса алады. Жастар жылына орай облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы әр ай сайын жастардың идеяларын тыңдап жиын өткізеді. Олар әзірлеген тың жобалардың маңыздылығы жоғары болса өңір басшысының қолдауына ие болады. Алғашқы басқосуда ұсынылған инновациялық жобалар 2020 жылы құрылысын бастап, жүзеге асырылмақ.

Елнұр Еркінұлы Кентау қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы болып қызмет етеді. Ол «Таза сана, таза қала» жобасын таныстырды. Мақсаты қоқыс шығару жүйесін цифрландырып, тұрғындарды тазалыққа үйрету. Сүйтіп Цифрлы Қазақстан бағдарламасының жүзеге асуына мұрындық болып, шарапатын өңір тұрғындары көрсе екен - дейді.

Елнұр Еркінұлы - Кентау қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы

Қаладағы қоқыс жинау саласын автоматтандырып, толық есептілікті қамтамасыз ету. Ол үшін арнайы бағдарламалар әзірлеп, техникалық базаны жаңартып, барлығын цифрландырып қайта жасақтайтын боламыз.

           Жас мемлекеттік қызметкер бұған дейін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Түркістан облыстық филиалында үш апта бойы қайта даярлаудан өтті. Тың идеялармен, жаңа мүмкіндіктер тетігін қарастырды. Халықтың жағдайын жақсартуға үн қосып, аса қажет цифрлық жобаның мүмкіндіктерін іздеді. Сүйтіп жобаға дезинфекция ісі мен арнайы қоқысты саралауға жеке-жеке қоқыс контейнерлерін енгізді.

Елнұр Еркінұлы - Кентау қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы

Әр алынған қоқыс жәшіктердің көлемі бағдарламада көрсетіліп тұратын болады. Яғни ол жерде жұмыс күні аяқталған кезде қолма-қол ешқандай құжаттар толтырылмайтын болады. Техникада қосымша құрылғысы болады. Ол алаңшаны және қоқыс контейнерлерін барынша дизенфекция жұмыстарын жасайды. 

         Атылмыш жиында жоба Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің оң бағысын алды. Оның жүзеге асырылуын басқарма басшыларына жүктеді. Осылайша белсенді жастармен бас қосып, жаңа мүмкіндіктер қарастыруға бағытталған жиын әр ай сайын өткізіліп тұруын тапсырды.

Н. Мұхамеджанұлы                                                                          

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...