ШҰҒЫЛ! ЖЕТІ ӘКІМ 7 ТҮРЛІ ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ Толығырақ

ТЕГІН СҮНДЕТТЕУ

17:35, 11 қыркүйек 2019

Облыс орталығындағы хирург дәрігерлер қайырымдылық шарасын өткізді. Шарада емханаға тіркелген, диспансерлік есепте тұрған, көпбалалы аналардың балаларына сүндетке отырғызу рәсімін өткізді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығында өткен шарада 50-ден астам бала сүндетке отырғызылды.

Шараға тартылған 50 отбасының балаларына клиниканың жоғары дәрежелі мамандары жаңа заманауи куагуляторларды пайдалана отырып жүргізді. Ешқандай ауру белгісін байқатпай, жылдам жүргізілген ота да бүлдіршіндер өзін қолайсыз сезіну жағдайы тіркелмеді.

Болатбек Әбдірасилов – Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры

Осы клиниканың қызметкерлеріне баршаңызға рахметімді айтқым келеді. Бүгін балдарымыз сүндетке отырып, мұсылман болып отыр. Жолдары әрқашан да ашық болсын. Бақытты болсын.

Клиника аумағында баласын жетелеген ата-аналарға лық толы. Осыған қарап-ақ ұлтымыздың мұсылмандыққа деген құлшынысын, пайғамбарымыздан қалған сүндет жасатуға деген талпынысын анық аңғаруға болады. Түркістан қаласының тұрғындары орталықтың мамандарына айтар алғысы шексіз.

Рита Балимова – Кентау қаласының тұрғыны

Балымды сүндетке отырғызып, үлкен азамат жігіт болып жатыр. Түрік кликасымен қазақ бауырларымыздың арқысы. Көп-көп рахметімізді айтамыз. Жұмыстары алға баса берсін.

Ұл баланы сүндеттеу, ата-анаға міндет бұл. Тәжірибелі мамандар баланы сүндетке отырғызар алдында алдын - ала психологиялық тұрғыдан дайындап,  сәтті ота жүргізді. Мұндай игі шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.  

Н. Мұхамеджанұлы                                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

3 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ, 3,5  МИЛЛИОН ТҮП ТАЛ КӨШЕТІ ЕГІЛЕДІ
21:19, 18 қараша 2019
3 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ, 3,5 МИЛЛИОН ТҮП ТАЛ КӨШЕТІ ЕГІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
18:48, 12 қараша 2019
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
Толығырақ...