ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ Толығырақ

ТЕЛЕАРНАНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ ТҮРКІСТАНДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

15:16, 14 қыркүйек 2018

Бүгін алғаш рет түбі бір түркі жұртына ортақ, қасиетті Түркістан қаласында – байтағымыздың бас арнасы «Қазақстан» және «Оңтүстік» телеарналарының жаңа маусымы таныстырылды. Шараға «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев арнайы қатысты.

Мәдениетке мән беріп, өнерден қуат алуған телеарна ұжымы енді облыс орталығы Түркістаннан тікелей эфирде өңірдегі ең өзекті жаңалықтарды бірінші болып жеткізетін болады. Өңір тарихымен бірге түлеп, жаңарған, жасарған телеарна  қуанышына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков те ортақтасты. Шығармашылық ұжымға жаңа маусымда шалқар шабыт тіледі. 

Ширек ғасырдан астам тарихы бар Түркістан облысының бет – бейнесіне айналған «Оңтүстік» жаңа маусымда жаңа форматта  түрлі тақырыптардағы жобаларды көрермен назарына ұсынады.  Бұл маусымда арнада әлеуметтік, саяси-экономикалық һәм интеллектуалдық бағыттағы бағдарламалар саны артпақ. Атап айтқанда, қарапайым мамандық иелерінің ісін дәріптеуге бағытталған - «Еңбек адамы». Нәзік жанды арулардың беделі, әлеуметтік жағдайы туралы баяндайтын «Көзайым». Қоғамдық-саяси жаңа хабар -  «Мінбер» бағдарламасы. Сондай-ақ, Түркістан облысының Республика экономикасындағы үлес-салмағы мен ең табысты салалардағы өзгерістерді қаузайтын – «Эконом-инфо». Ата-бабамыздан жеткен төл өнерімізді насихаттайтын «Сазқоңыр» да салмақты дүниелердің бірі болмақ.   Интеллектуалды бағытқа негізделген тағы бір тың жоба - «Білімділер алаңы» сияқты 6 бірдей жоба жарыққа шыға бастады. Талғамы жоғары көрермен назарына ұсынатын телеарна жаңалығы мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта көрерменнің сүйікті жобалары жалғасын табады!

С. ЖАРЫЛҚАСЫНОВ

Тақырып бойынша материалдар

 «АБЫЛАЙДЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ –  ТҮРКІСТАНДА!
18:14, 24 қыркүйек 2018
«АБЫЛАЙДЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАНДА!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
18:17, 18 қыркүйек 2018
ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 19 қыркүйек 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ЖІП ИІРУ ЦЕХЫН АШПАҚШЫ
12:40, 18 қыркүйек 2018
«НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ЖІП ИІРУ ЦЕХЫН АШПАҚШЫ
Толығырақ...