ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ТЕМІР ТЕРІП, ЖАН БАҚҚАН БАЛАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

17:18, 8 ақпан 2019

Шымкентте үй-күйсіз жүрген он үш жастағы жасөспірімнің өмірі әп–сәтте өзгеріп сала берді. Бұған дейін темір-терсек өткізіп, ақшасына отбасын асырап жүрген балаға еріктілер ерекше сый дайындады. Олар әлгі жасөспірімге баспана кілтін табыс етті.

Міне, мына кешегі 13 жасар баланың көшеде жүріп, бір жарым мың теңгеге темір өткізіп, төрт қарындасын асырап отырған шешесі бар екен. Әкелері тастап кеткен...

Он үш жастағы бозбаланың анасы мен бауырларын өзі асырап отырғаны жайында әлеуметтік желіде тараған-тын.Жазбаның жарияланғаны сол-ақ, екен желі пайдаланушылар лезде талқылап қоя берді. Барлығы «талапты балаға» қол ұшын созу қажет деп шешті. Сөйтіп, ортақ қор жинай бастады. Ал, бұл уақытта елдің қайырымдылық ісінен әлгі баланың отбасы мүлдем хабарсыз болатын. Тіпті, ұлының жалаңаяқ аяқ көше кезіп, бауырларын қайтсем, бақытты етермін деген үмітін өз анасы да сезбепті. Тек,  түнделетіп үйге ақша алып келетінін ғана біледі екен.

Мухаббат Баева – анасы

Мухаббаттың отбасында 7 бала бар. Ағабек солардың үшіншісі. Әкесі ащы судың жетегінде, жарты жолда тастап кетіпті. Сенімді серігі кеткен соң, отбасының бар ауыртпашылығы ананың мойнына жүктелген. Бірақ, соңғы уақытта ол да сырқаттанып, төсекке таңылыпты. Аш-жалаңаш қалған бауырларын көргенде, Ағабек қарап тұра алмадым дейді. Сөйтіп, ойынға кеткенсіп, табыс табуға кіріскен.

Ағабек Карилаев – 8-сынып оқушысы

Он үш жастағы бозбаланың тындырымды тірлігі ел-жұртты сүйсіндірді. Сөйтіп, әркім шамасына қарай, әлгі қорға қаржы аударды. Қайырымды жандар бір ғана Қазақстан емес, Ресей, Өзбекстан, Корея, Германия және Израильден табылды. Айналасы екі күннің ішінде жеті миллион теңге жиналыпты. Сол ақшаға еріктілер Шымкенттің іргесіндегі Қызылсай ауылынан баспана сатып әперді.

Бақтияр Ботаев - ерікті

Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші

-Қалай енді. Жаңа үйлерің ұнады ма, саған!

-Ия ұнады.

-«Көп түкірсе, көл»,- деген осы. Қоғамда жақсылық жасауға ұмтылып, қайырымдылық жасауға ынтығып тұратын жандар аз емес. Жаны жомарт сондай жандардың арқасында енді Ағабек темір-терсек термейді. Қиын күндерді көрмейді. Бәрі артта қалды. Қоныс құтты болсын, Ағабек!

-Рахмет.

 «Игі істің басына, жақсы келер қасына» деген. Тағдыр тауқыметін тартып жүрген бір отбасы осылайша бақытқа кенелді. Карилаевтар жанұясы енді бұрынғыдай үй-күйсіз емес, басыбайлы баспанаға ие болды. Осы жексенбіде олар барша ағайындылар мен еріктілерді кең дастарханға қонақ етіп шақырмақшы.

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ                    

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
18:22, 19 сәуір 2019
КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
16:55, 19 сәуір 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
16:54, 19 сәуір 2019
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС СУДЬЯЛАРЫ БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
17:53, 17 сәуір 2019
ОБЛЫС СУДЬЯЛАРЫ БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
Толығырақ...