ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТЕРРОРИЗМДІ НАСИХАТТАДЫ ДЕГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

15:24, 29 қаңтар 2020

Терроризмді насихаттады деген күдікпен Келес ауданының тұрғыны ұсталды. Арнайы операцияны полиция мен ҰҚК департаментінің қызметкерлері жүргізді.

Ведомствоның мәліметінше, 56 жастағы ер адам салафизмді ашық үгіттеп, тыйым салынған «Өзбекстан Ислам қозғалысы» ұйымының идеясын қолдап, оны тек әлеуметтік желілерде ғана емес, сонымен қатар ауылдастары арасында белсенді түрде насихаттаған деген күдікке ілінді. Оның үйін тінту кезінде радикалдық бағыттағы кітаптар мен түрлі әдебиеттер табылған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 256-бабы «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жария етуге шақыру» бойынша тергеу басталған. Өзі де жиһадқа дайындалып жүрген азамат лаңкестікті насихаттағаны үшін 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

М. Жорабай

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:21, 24 ақпан 2020
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...