ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ТЕСТ ТАПСЫРУ ҮШІН ТАНЫС ІЗДЕУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

18:08, 5 қыркүйек 2019

Мемлекеттік қызметке орналасу үшін тапсыруға тиіс сынақтан сүрінбей өту үшін ешқандай таныс іздеудің қажеті жоқ. Қайта ондай әрекет тест тапсырушыға кері әсер етуі мүмкін. Егер үміткер өзіне сенімсіз болса бірінші ақылы түрде алдын ала білімін сынап көруіне болады. Ол кейін тапсырылатын сынаққа ешқандайда әсер етпейді. Қайта үміткердің өз білімін одан әрі шыңдауына мүмкіндік береді.

Бұл  - Түркістандағы мемлекеттік басқару академиясының тест орталығы. Мұнда мемлекеттік қызметтен үмітті кез-келген азамат келіп сынақ тапсыра алады. Ол үшін мүмкіндіктің бәрі қарастырылған. Статистикаға сүйенсек бұл орталықта күніне 10-15 үміткер сынақ тапсырады. Енді, олардың саны артады деп күтіліп отыр. Өйткені, мұнда әрбір үміткер  ақылы түрде өз білімін сынап көруге болады.

Гүлназ Зейнолла – ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару басқармасының бас маманы

Ақылы тестілеуден үміткерлер өздерінің білімдерін бақылап көре алады. Қай заңнан жетілдіру керек екенін біле алады. Кейін сол бойынша дайындалып, негізгі тесттен өте алады. Жалпы мен ойлаймын қазіргі тест бағдарламасы үміткердің өтуіне толық мүмкіндік береді деп. Егер оның дайындығы жоғары деңгейде болса.

Түркістандық Мөлдір келешекте мемлекеттік қызметте еңбек еткісі келеді. Сол арманын ақиқатқа айналдыру үшін ол бүгін арнайы тест тапсырды. Нәтижесі жаман емес. Сол жетістікке жету үшін үміткер біраз ізденіп алдын ала ақылы тест тапсырыпты.

 Мөлдір Бейсекеева – Түркістан қаласының тұрғыны

Тестілеуге өзім жеке дара дайындалдым. Тестілеудің оң нәтижесін алып отырмын. Ешқандайда әлдекімнің көмегінсіз тестен өтуге болатынына көзім жетті.  

Сынақтан сүрінбей өту үшін ақылы тест тапсырудан бөлек, агенттіктің сайты арқылы да дайындалуға болады. Өйткені, аталған сайтта мемлкеттік қызмет үшін тапсырылуға тесттердің үлгілері де жинақталған. Оның барлығы мемлекеттік қызметке қызыққан жастардың әлдекімдердің алдауына түсіп, кетпеуі үшін ұйымдастырылған.  

М. Жарылқасын                                                                   

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...