ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

20:30, 13 желтоқсан 2019

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай қаламыздың ардагерлеріне құрмет көрсетті. Қоғамдық өмірге белсенді атсалысып жүрген қазыналы қарттарды марапаттап, ізгі тілегін жеткізді.

Қаламыздың тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамай, ұдайы игі бастамалардың бел ортасында жүрген аға буынның еңбегі ерен. Мерекелік жиында қала әкімі Ерлан Айтаханов, егеменді ел болып қалыптасудағы еңбектерін айрықша бағалайтынын жеткізді.

Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының әкімі

Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты  Нұрлан Бекназаров, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баһадүр Нарымбетов те бірқатар еңбек ардагерлерін марапаттады. Марапат алып марқайғандар, азаттықтың ақ таңындағы бұл құрметтің орны бөлек, маңызы ерек екенін атап өтті.

Шалатай Мырзахметов – Мемлекет және қоғам қайраткері

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері сынды қаламыздың 300-ге жуық ардагерлері мерекелік дастархан басынан табылды. Тәуелсіздікке дейінгі өмірлерін еске алып, бүгінде ұрпағымыз бейбіт және азат елде өмір сүріп жатқандарын айттып қуанышын жеткізді.  

Н. Мұхамеджанұлы                  

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар