ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ТІЛ ЖАНАШЫРЫ ҚАБЫЛ ДҮЙСЕНБІ - 60 ЖАСТА

16:55, 26 наурыз 2019

«Мәңгілік елдің мәңгі тілі болуы керек!». Бұл саналы ғұмырының 38 жылын мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге арнаған Қабыл Дүйсенбінің пікірі. Өзі қызмет атқаратын Шымкент қалалық сотында тіл жанашырының асқаралы 60 жасқа толуына орай арнайы шара өтті.

Қабыл Тұрарұлы Дүйсенбі өзінің саналы ғұмырында мемлекеттік тіл саясатына қатысты жүзден астам мақала жазып, бірнеше әдістемелік оқулықтың авторы атанған қаламгер. Еткен еңбек, төккен тер ескерусіз қалмады. Марапатқа кенеліп, мерейі үстем болды. «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері атанды. Бүгінгі Қабыл Дүйсенбінің 60 жасқа толуына орай өткен шараға жазушы, журналистер қатар  бірге қызмет атқаратын қалалық сот қызметкерлері жиналып, ізгі ниеттерін жеткізді.  

Нұрсұлтан Байтілесов – Шымкент қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы

-Өзіңізден тәжірибе жинақтаған жас мамандардың қалыптасуына ат салысудамыз. Еткен еңбек еш кеткен жоқ. Басшылық тарапынан марапат пен абыройға ие болдыңыз. Өзіңізбен қатар жүрген әріптестеріңіздің құрметіне бөленген, біздер үшін мақтан тұтар тұлғасыз.

Басқосуда зиялы қауым өкілдері замандастары жайлы естеліктерімен бөлісіп, «Қаламгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы «Үздік шығармасы үшін» медалін табыстады. Қайтсем ана тілінің абыройын асқақтатамын деген ол осы ізденісін тоқтатпақ емес.

 Қабыл Дүйсенбі – Тіл жанашыры  

-Абай атамыз айтқандай есті адам елге есеп беріп тұрады. Сол айтқандай ойланып, ел үшін не істедім, не бітірдім деген ой мені мазалайды. Соның ішінде асқаралы 60 жас талтүске де жетіп қалыппыз. «Мәңгілік елдің мәңгі тілі болуы керек!». Мәңгілік ел жолында ерінбей, жалықпай еңбек ете беремін.

Қабыл Дүйсенбі бірнеше жыл тіл басқармасында жемісті еңбек етіп, мемлекеттік тілдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан. Тіпті 1997 жылы елде тұңғыш болып мемлекттік тілді оқыту орталығын ашқан. Тіл жанашыры бүгінде қалалық соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысын қызметін атқарады.

Р.Бақытжанқызы

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...