ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ТІСТІҢ ЕМІН, ІСТІҢ ЕБІН ТАПҚАН АЗАМАТ

18:19, 14 қаңтар 2021

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Нақ осы бағдарламаның екінші бағыты бойынша шағын кәсіп иелеріне мемлекеттен қолдау бар. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын сезініп отырғандардың бірі шымкенттік Бекмұрат Мехманқұлов. Жас кәсіпкер «Даму» қорынан 4 млн. 200 мың теңге алып, тіс емханасына қажетті құрал жабдықтарын түгендеп алды.

Бекмұрат Мехманқұлов – кәсіпкер

 

Бекмұрат білікті тіс дәрігері. Жеке тіс емханасын ашқалы биыл екі жылдың жүзі. Жас маманның іске ептілігі кәсіби деңгейін жоғарылатты. Бірақ, қызмет көрсетудің халықаралық дәрежесіне жету үшін қыруар қаржы қажет. Қысқа жіптің күрмеуін келтіре алмай жүргенде, «Даму» қорынан берілген несиенің көп көмегі тиді.

Бекмұрат Мехманқұлов – кәсіпкер

 

Әуелі білімін жетілдіріп, сертификат алды. Кәсіпкерлік әліпбиін үйренді. Қаржы қолға тиісімен тіс импланттауға арналған жиынтық сатып алды. Құрылғылар түгел Кореянікі. Енді Бекмұраттың тіс емханасы шетелде жасалатын емдеу шараларын жүргізе алады. Жалпы Бекмұрат сынды 74 шымкенттік «Дамудан» қаржы алып, кәсібін дамытып отыр.

 

Майя  Алибжанова – Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы 

 

Қажырлы қимыл. Тынымсыз еңбек пен табандылық қана жетістікке жетелейді. Осыны естен шығармайтын тіс дәрігері кәсібін кеңейтіп, тағы да жаңа құрал-жабдықтар алуды ойлап жүр. Енді Бекмұрат алдағы уақытта қалалық кәсіпкерлік басқармасы тарапынан берілетін мемлекеттік гранттан үмітті.  Кәсіпкерге қойылатын шарттарға тас-түйін бекініп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
20:55, 15 қаңтар 2021
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
17:44, 15 қаңтар 2021
ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕКЕНІН АЙТТЫ
17:40, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕКЕНІН АЙТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАЗАЛАНДЫ
17:29, 11 қаңтар 2021
ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАЗАЛАНДЫ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
15:10, 14 қаңтар 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕР...
Толығырақ...