ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

ТОҚАЕВ: «МЕН ХАЛЫҚҚА БЕРГЕН УӘДЕЛЕРІМДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОРЫНДАЙМЫН»

18:27, 3 қыркүйек 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқына арнаған Жолдауында Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізілетінін жеткізді. Нәтижесінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады. Сондай-ақ, Президент қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, ұлтаралық қатынас тіліне айналуына жұмыла әрекет ету қажеттігін қадап айтты.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  жүйелі реформаның жүзеге асуын Үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компания басшыларына жүктелетінін мәлімдеді. Бұл Қазақстанның жаңа  тарихындағы маңызды белестің бірі болмақ.   

Болатбек Әбдірәсілов - Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ  ректоры

халықтың арасындағы әртүрлі проблемаларға осы жолдау жауап берді деп айтуға болады. Бірінші тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру. Ол енді үлкен мәселе. Себебі дамыған, демократияға бағытталған елдерде шын мәнінде күшті президент, ықпалды парламент болуы керек. Және есеп беретін үкімет болу керек. Осы бағытта қазіргі мынау мемлекеттік басқару жүйесінде жүргізілетін реформалар осыған бағытталады. Сонымен қатар, бұрынғы жолдауларда кездеспейтін тағы бір мәселде халықтың пікірін тыңдау. Халықтың пікіріне сүйене отырып, маңызды шешімде қабылдау.

 Жолдау барысында Президент Тоқаев көпбалалы отбасыларға жасалатын көмек туралы сөз қозғады.  Үкіметке кезекте үш жыл қатарынан тұрған көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін тездетіп шешуді тапсырды.

Болатбек Әбдірәсылов - Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ  ректоры

 Биыл 5 мың грант бөлінді. Соның ішінде 1345 грант біздің Түркістан облысына бөлінді. Енді бәріміз бірігп, жолдауда көрсетілген тапсырмаларды орындап, мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз.

 Жасыратыны жоқ, елдегі ең өзекті мәселенің бірі - тіл.  Президент өз сөзінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру керектігін айтты. Ол үшін артық  әңгімелерді доғарып, бірігіп, жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Бұл парасатты шешімді Түркістан жастары да қолдап отыр.

 Үміт Тұрсынхан - студент

Президентіміздің сайлауалды жоспарлары мен кешегі жолдауындағы сәйкестіктер бізді өте қатты қуантты. Оның ішінде тіл мәселесі жөнінде айтқаны бізге өте құп келді. Себебі өзі айтып, өтті бірқазақ емес, бар қазақ болып атсалысуымыз керек деп.Өз тіліміздің мүддесін мәртебесін көтеру біздің міндетіміз. 

Сонымен қатар,  Мемлекет басшысы "Микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге салық төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеуді тапсырды. Бұз заң 2020 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

М.ӘСЕМБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...