ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ТОҚЫМА ӨНДІРІСІ ҚАЙТА ҚАРҚЫН АЛДЫ

12:46, 15 мамыр 2019

Түркістан облысында тоқыма өндірісі жанданып келеді. «Оңтүстік» экономикалық аймақта бұл саланы дамыту мақсатында жаңа технология енгізіле бастады.Осының арқасында жіп иіру, өңдеу жұмыстары қайта қарқын алды.

Индустриалды аймақта істері ілгері басқан кәсіпорындар көбейіп келеді.Солардың бірі «Азала Коттон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.2017 жылы қайта іске қосылды.Фабриканың технологиясы  жаңартылып жаңа бағытта жұмыс істей бастады.

Бекет Тұрсынханов «AZALA Cotton» ЖШС директоры

Кәсіпорын бүгінде ең озық үлгідегі құрылғылармен жабдықталған.Заманауй зертханасы бар кәсіпорын.Бүгінгі күнде өндіріс қуаттылығы артып, күніне 16-17 тонна жіп иіріп отырамыз. Айына 500 тоннаға жуық жіп иіріп дайындап шығарамыз.

Кәсіпорын  жылына   6 мың тонна жіп иіруге қауқарлы.  Мұнда 310 адам жұмыспен қамтылған.Олар төрт ауысымда үздіксіз жұмыс істейді.Нәтижесінде 5 мың 600 тонна өнім өндіруге қол жеткізді.Кәсіпорын алдағы кезде тағы бір өндіріс цехын ашуды жоспарлап отыр.

Фатима Қалмырзаева - оператор

Жұмысымыз жақсы  көңіліміз толады уақытылы айлық аламыз.Таза мақтадан жіп иіріп шығарамыз.Жақында жаңа цех ашылады.Өзіміздің шығарып жатқан жібімізді басқа өндіріс орнына жібермей өзімізде мата етіп шығарамыз.Шет елдік өнімнен еш кемі жоқҚайта біздің өнімге шетелден сұраныс көп.

Фабриканың маңызды мақсаттарының бірі шетелдік сатылым нарығын кеңейту.Қазір осы бағыттағы жұмыстары қарқынды.Бүгінде  өндірілген өнімнің 100 пайызы Түркия,Қытай елдеріне экспортталуда.

С.Құттыбайұлы                                 

Тақырып бойынша материалдар

АРЫС ЖАЙЫ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА ҚАРАЛДЫ
16:21, 25 маусым 2019
АРЫС ЖАЙЫ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...