
Елімізде тоқыма өндірісінде шығарылған дайын өнімге сұраныстың аздығынан өңделген мақта шикізат күйінде шетелге сатылып жатыр. Шымкент қаласындағы «Азала текстиль» фабрикасы бүгінгі таңда өңделген шикізаттың тек 10 пайызын ғана өздері кәдеге жаратып, өзгесін Прибалтика және Италия мемлекеттеріне арзан бағаға сатуға мәжбүр.
Кәсіпорнынның жұмысымен танысқан Парламент Мәжілісінің бір топ депутатына өндіріс басшысы осы және бірқатар қиындықтарын айтып берді. Кәсіпкер сондай-ақ тоқыма өнеркәсібін өркендету үшін электр, табиғи газ секілді қуат көздеріне жұмсалатын шығынды мемлекет тарапынан субсидиялауды ұсынды. Мұндай жеңілдік ең алдымен дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, оның қолжетімді болуына ықпал етпек. Жалпы фабрикада 600-ден астам адам еңбек етеді. Олар нарыққа көрпе мен жастық тысы, сүлгі мен ақжаймалар, тұрмысқа қажетті тоқыма бұйымдарын шағарып отыр. Кәсіпорын айына 500 тонна мақтаны өңдеп, одан 1 жарым миллион метр мата тоқиды.
МАНСҰРХАН МАХАНБЕТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Ол-бірінші сапа. Екінші өзіміздің өнімді қорғау, өнім шығарушыларды. Оның экономикаға тиімді әсері бар. Ол деген жұмыс орны, ол деген-салық. Осындай-осындай түйіткілді мәселелерін қойып жатыр. Оны біз ертең Елордаға жұмысқа қбарғанда тиісті орындарға депутаттық сауал ретінде қоюға болады.