ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

ТӨЛЕБИДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

17:22, 13 наурыз 2018

Төлеби ауданында «Көктем-2018» республикалық командалық оқу-жаттығу жұмыстары басталды. Айтып келмейтін апаттың алдын алу үшін ауданда арнайы штаб құрылды.

Жергілікті басқару органдары көктемгі су тасқыны кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою іс-әрекеттерін пысықтады. Азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің ширақтығын байқады. Қазір көктемгі су тасқынын алдын алуға тиісті мамандар да, техника да сақадай сай. Саптық бақылау барысында әр бөлімге нақты тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді. Мамандар су басу қаупі бар аумақтарды барлап, су өткізу орындарын және инженерлік  құрылымдарды тексерді. Сондай-ақ, өрт орын алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары да бекітілді.

Бақытғали Есіркепов – Төлеби аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

- «Көктем-2018» республикалық командалық оқу-жаттығу аясында Төлеби ауданында Азаматтық қорғау құрылымдарының саптық дайындық жұмыстары өткізілді. Дайындық барысында қорғау құрылымдарының, жеке құрамның техникалық дайындығы тексерілді. Көктемгі су тасқыны мерзімінде Төлеби ауданы қауіпті аймақ болғандықтан, іс-жүзінде техникалық құралдарды тексеруден өткіздік. Соның бір дәлелі, инженерлік командалардың жұмыстарын тексердік.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
17:58, 11 желтоқсан 2018
ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
17:52, 11 желтоқсан 2018
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
13:56, 6 желтоқсан 2018
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛ...
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
13:59, 6 желтоқсан 2018
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...