ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ТӨЛЕБИДЕГІ КООПЕРАТИВ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

15:00, 16 қазан 2020

Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округіне қарасты «Keremet agro Group» ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кооперативінің алма бауы қарқынды жұмыс жасауда. 2017 жылы негізі қаланған алма баудың жалпы жер көлемі 75,44 гектар. Кооператив иесінің айтуынша алма көшеттері Польшадан жеткізілген.

Аймақта биыл игерусіз жатқан 138 гектар жерге интенсивті тәсілмен алма бағы егілді. Жыл соңына дейін оның аумағы тағы ұлғаймақ. Шаруалардың соңғы жылдары бұл іске білек сыбана кіріскен себебі бау баптаған бағбанның табысы еселі болып тұр.
Сәбит Сарсенов- «Keremet agro Group» ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кооператив  басқарушы
Баққа алманың Ред делишес, Айдаред, Голден делишес, Гала атты 4 түрі алма сорттарынан 100 000 дана көшет отырғызылған. Былтыр күзде отырғызылған алма көшеті жергілікті ауа-райына тез бейімделіп, жылдам тамыр жайды. Жеміс бағы тұтастай тамшылатып суарылады. Сонымен қатар маусымдық кезеңде 150 ге жуық адамды жұмыспен қамтып, жай күндері 50 қызметкерлер тұрықты жұмыспен қамтылған.
Зебо Парылева - «Keremet agro Group» ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кооператив жұмысшысы
Жалпы Төле би ауданында биыл жеміс бақтарының аумағын мейлінше ұлғайту ісі қолға алынды. Бос жатқан жерлер игеріліп, ескі бақтардың орнына жаңадан жеміс көшеті отырғызылуда.
Құттымұрат Тұрғынбаев – Төлеби аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы
Бұл тірлік шаруалар үшін әлдеқайда пайдалы болып тұр. Аласа бойлы ағаштардан жергілікті алмаларға қарағанда 2-3 еседей артық өнім жинауға болады. Оның табысы өз алдында, мұнан бөлек кооперативтерден жиналған салық әрі ауданның қазынасын толықтыра түседі.
Байзахова Арайлым                                       
 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...