ШҰҒЫЛ! КӨШПЕЛІ КІТАП КЕРУЕНІ Толығырақ

«ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ

15:12, 24 қаңтар 2020

Жануарлардың жан айқайы құлаққа жетті. Шымкенттегі «Наурыз-парк» ауласында бір ай бұрын орнатылған «Тортилла» зообағы жабылатын болды. Бұл туралы «Наурыз-парк» сауда орталығының әкімшілігі ресми түрде мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік жылжымалы зообақтағы экзотикалық жануарлардың құрдымға кеткелі тұрған жағдайы әлеуметтік желіде талқыға түскен болатын. Оларға дұрыс тамақ берілмей жағдай жасалмай жатқандығы  табиғат жанашырларының жан ашуын оятқан. Осы мәселе бойынша тіпті Алматы қалалық маслихатының депутаты Қайрат Құдайберген Шымкенттің су жаңа әкімі Мұрат Әйтеновке «Тортилланы» жабу жөнінде өтінішін жолдаған. Бұл ұжым өздеріне табыс түсіріп отырған жануарларды бишара күйге түсірген. Осы үшін Ресейлік жылжымалы зообақ өз елінде қара тізімге енген екен. Сөйтіп жүріп Қазақстан бойынша ең бірінші Шымкенттің төрінен орын алған. Енді салғырттық әрекеттері әшкере болған «Тортилла» жылжымалы зообақ жабылып Шымкентпен қош айтысатын болды. Оларға қала орталығынан ойып тұрып орын берген орталық келісім шартты бұзғандығын жеткізді.

Бағдат Тастанбеков - Сауда үйінің өкілі  

Ия желтоқсан айының басында бізге келді осындай зоопарк қойсақ болама деп. Біз қарадық құжаттары түгел. Тексеру кезінде жануарларды тексермедік. Часный територия болғасын біз құқылымыз орнатуға. Қазіргі таңда жауып қойдық.

К. Дүйсенбі 


 

Тақырып бойынша материалдар

АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
17:32, 19 ақпан 2020
АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар