ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ТӨРТКҮЛДЕН ШЫҚҚАН ДАРА ТҰЛҒА...

11:52, 12 наурыз 2019

Ғылым және техника саласында ерекше жетістікке жеткен, Қазақстандық математика мектебінің өкілі,мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,профессор Уәлібай Өмірбаевпен Төрткүл ауылында тағылымды кездесу өтті.Кездесу барысында талантты жастарға қай жерде болмасын жолдың ашық екені,білім мен ғылымға мән беріліп отырғаны кеңінен айтылды.

 

1967 жылы Төрткүл ауылында сол жердің көгенкөз балаларымен мектеп табалдырығын аттаған Уәлібай,1973-1977жылдары Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқыған.Одан соң Ресей Мемлекеттік университетін тәмәмдаған.1986жылы кандидаттықты,1995жылы докторлық дисертацияны қорғаған атпал азаматтың ғылымға жасаған еңбектері ұшан-теңіз.

Исатай Сағындықов – Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы

Ауылдан шыққан қаракөз бала әлемдік деңгейді бағындырды.Осы Төрткүлден шыққан ғалым деп кім ойлайды.

Адамзаттың болжауынша жақын болашақта математика саласында бұрын-соңды болмаған өркендеулер мен көп өзгерістер болады деп күтілуде.

 Уәлібай Өмірбаев – Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор

Математика саласында үлкен төңкеріс болады.Кім қай жерде оқымасын,қазір интернеттің заманы.Барлық нәрсе қол жетімді.

 Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш,бүгінгі жастарға байланысты екені күмәнсіз.Қазіргі таңда мемлекетіміздің тұтқасын ұстайтын сол болашақ иелері-жастарға қандай рухани азық беріп,сусындатып жүрміз? Осы айтылғандарға алдымен өзіміз тойым жасамай,жастарға қалай кінә айта аламыз дейді жиналғандар.

Шәріпбек Жамалбекұлы – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

Болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын кімдер?Әрине жастар.Сол жастарға рухани азық беретін біздер емеспіз бе?Сондықтан ауқымды жұмыстар жасау керек.

Қорыта айтқанда бұл бағытта дамудың басты шарты,шынайылық пен ойдың тазалығы екенін ұмытпаған абзал.

Ө.Жолдасбеков                                                  

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
16:57, 26 наурыз 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ
13:03, 23 наурыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАД...
Толығырақ...