ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Төтенше жағдайға арналған шатырлық қалашық жабдықталды

20:43, 13 қыркүйек 2017

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгін республикалық штабтық машықтану жұмыстары басталды. Оның аясында Шымкентте жалпықалалық сейсможаттығу жасалып, шатырлы қалашық жабдықталды.

       Төтенше жағдай орын алған тұста  зардап шеккен және баспанасыз қалған халыққа қандай көмек көрсету қажет? Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осы жағын бақылап көрді. Басшылық құрам Шымкент аумағы 7 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін, жоғары сейсмикалық белсенді аймақта орналасқанын айтты. Шатырлы қалашық тұрғындардың  қауіпсіздігі үшін аса маңызды екенін екшеді. Арнайы құтқару қызметі құрылымына қала әкімшілігі, қабылдау пункті, тіркеу орны, ақпарат пен байланыс пункті және пошта-телеграф кіреді. Бұл қалашықтың әкімдігі аумақтың орналасу жағдайын, басқару тетігін, ұйымдастыру мәселелерін жіті білетін жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен тұрады. Төтенше қауіп жағдайында шатырлы қалашықта тұрғындарға жатын орын, ас-суы, жылы киімі беріледі.  Сонымен қоса, медициналық көмек көрсетіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау, өртке қарсы көлік құралдарымен қамту жағы қарастырылған. Жалпы, шатырлы қалашықта 100 мыңнан астам адамды уақытша орналастыруға болады.

Шатырлы қалашықты жаю шарасынан кейін қала әкімі төтеншеліктердің оқу-жаттығу жиынын тамашалады. Ол «Шымкент сити» мөлтекауданында салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінде болды.  Құтқарушылар арнайы жоспарға сәйкес, өрт шыққан үйден тұрғындарды алып шықты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...