ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР САҚТЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

18:16, 19 тамыз 2019

Төтеншеліктер сақтыққа шақырады. Ауа райының ыстық болуына байланысты биыл қала аумағында 2 бидай өрті тіркеліп, жалпы көлемі 24 га егістік жанып кетті. Сондай-ақ, дала алқаптарында 4 жану жағдайлары орын алып, тілсіз жау 30 га шарпыды. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір Шымкент қаласының аумағында  4 өзен, 4 су қоймасы, 5 тоған және 22 демалыс орны бар.Үшінші мегаполисте шомылу маусымы сәуір айынан басталып, қыркүйекке дейін жалғасады.  

Ерғали Бахаев – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

- Бақыланбайтын орындарда шомылу, балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамау орны толмас өкінішке алып келеді. Су айдындардың қасында ересектердің қарауынсыз балалардың болуы – судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері болып саналады.

Ағымдағы жылдың сәуір-тамыз аралығында қала аумағында судағы жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Өткен жылы осы мерзімде Шымкенте 4 оқиға орын алып, 2 жас бала суға батып кеткен еді. Ал, болуы мүмкін орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілді.

Бауыржан Ізбасаров - Шымкент қаласы ТЖД басқарма бастығы

Болуы мүмкін орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында қала аумағында жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 18 шақырым, жергілікті автомобиль жолдарының бойларында 88,2 шақырым, орман қоры жерлерінде 530 шақырым және егістік алқаптарында 400 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілді.

Су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністерімен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Оған ерікті студенттер, жергілікті полиция қызметі тартылған.

Ә. ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ                                                          

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
21:24, 20 қыркүйек 2019
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...