ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ!

11:39, 12 маусым 2019

Нағыз ер азамат үшін туған жерге еңбек етуден асқан бақыт жоқ. Бәйдібектік соғыс ардагері Жаулан Бесбайұлы өз еліне қалтқысыз еңбек еткен азамат. Жасы жүзге таяған қарт сарбаз туған жерге тағзым етті!

Туған жер – адамзаттың шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Дана халқымыз «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» - деп бекер айтпаған. Бәйдібектік соғыс ардагері Жаулан Бесбайұлы үшін де Үлкеншаян саясындағы «Қарамұрын» тауының орны ерек. Дәл осы тауда оның кіндік қаны кесілген.

 Жаулан Беспаев – Ұлы Отан соғысының ардагері

-Анам айтқан, пішен орағы түскен уақытта «Сүйінбайбұлақтың» бойындағы Қарамұрында дүниеге келдің дейтін. Демек мен осы жазда туылған екенмін.

Сұм соғыстың отты жылдарында жаумен айқасты. 6 жылдан кейін 2-ші топтағы мүгедек, екі балдаққа сүйеніп елге оралады. Келген бойда Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауыл атырабындағы Майбұлақ өңірінде түрлі қызметті атқарды. Елге еселі еңбек етті. Алайда, көкейде бір ғана арман бар еді.  Ол өзі туып өскен мекенге бару еді. Сол арман бүгін орындалды.

 Озатбек Айгөбек – Журналистер одағының мүшесі

-Аудандағы 3 ардагер соның бірегейі Жаулан қарияға жиі барып тұрамын. Даталы күндерде сұхбат алып, газетке материал беріп. Сонда бір айтып еді. «Бір арманым бар кіндік қаным тамған жер, Үлкен Шаян бойындағы «Қарамұрын»деген жер бар. Көке білем. Сол жерге барсам арманым жоқ»,- деп еді. Бүгінгі саяхатымыз Жаулан ақсақалға арналды.

 «Өз жұртының тасын сыйламаған, өзге жұрттың тауын сыйламайды». Дәл осы мақал ғасыр жасаған Жаулан ақсақалға  айтылғандай.  Денсаулығы жарай қоймаса да Отанға деген шексіз сүйіспеншілік қарияны тау асырып, рухани ләззат сыйлады.

 

Рабиға Бақытжанқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар