ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ТҮЛЕКТЕР ДИПЛОМ АЛДЫ

11:32, 11 шілде 2019

Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің түлектері салтанатты түрде диплом алды. Бүгінде оқу ордасында 7000-ға жуық студент білім алса, соның 3200-і оқуды бітірді. Жетпіс төрт студент-қызыл диплом иегері. Атауы өзгерген университет алғашқы түлектерінің жаңа өмірге қадам басуына ықпал етті.

Төрт жыл бойы білім нәрімен сусындаған ұл-қыздар еңбегінің жемісін көруге асық. Алда бірін магистратура күтіп тұрса, енді, еңбек жолын бастауға құлшынып тұр. Салтанатты рәсімде университет ректоры түлектерді құттықтап, сөз сөйледі. Оның айтуынша, университет түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие.

РАБИҒА ҚУАТБЕКОВА-университет ректоры

Биыл 2019 жыл біздің университетіміз үшін маңызды тарихи жыл болып отыр. Неге десеңіздер біз өзіміздің университетіміздің мәртебесін, атын өзгертуіне байланысты академик Қуатбеков атындағы халықтар достық университеті болып өзгетілді. Биыл біздің бітіруші түлектеріміздің диплом алу рәсімі болайын деп жатыр. Сондықтан биыл Қуатбеков шәкірттері деп айтып жатырмыз.

Бүгінгі таңда университет қабырғасынан түлеп ұшқан бітіруші түлектерді сәтті жұмысқа орналастыру 82,2 пайызды құрайды. Бұл, әрине білім ордасындағы профессор-оқытушылар құрамының сапалы білім беруінде. Аталмыш шараға жиналған түлектер мен ата-аналар университет басшылығы мен ұзтаздарға   алғысын білдірді.

АЛЬБИНА ТАЛҒАТҚЫЗЫ–студент

Маған бұл университеттің жалпы білім деңгейі ұнайды. Мнда менің әпкем мен сіңлілерім оқиды. Себебі, бұл университетте білікті білімді мамандар жұмыс жасайды. Және бұл университеттің басқа университеттен айырмашылығы бізде 100 пайыз оқу бітірген соң жұмыспен қамтамасыз етеді.

АҚМАРАЛ АЛТЫНБЕКОВА-ата-ана

Мен бұл университетке айтар алғысым шексіз. Менің бұл университетте 1 емес 3 қызым оқиды. Ата-ананың басты міндеті мамандық алып беріп, соның жемісін көргізу. Құдай қаласа алған мамандықтарының жемісін көрсе сол бізге қуаныш.

 Бүгінде университеттің 20 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық жүргізуде.Ол үшін республикалық, облыстық іс-шаралар атқарылып жатыр.  Салтанатты рәсімде  барлық бітірушілерге дилом табысталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Соңынан түлектер университет тарихында алғаш рет АНТ беру салтанатын өткізіп, алдында арман тілектері жазылған шарларды аспанға ұшырды.

Айдана Қуанышқызы                                                  

Тақырып бойынша материалдар

«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...
АРЫСТАН  ПАВЛОДАРҒА  ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
12:21, 18 шілде 2019
АРЫСТАН ПАВЛОДАРҒА ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...