ШҰҒЫЛ! БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ Толығырақ

Түлектер ІТ технологияның тілін жетік меңгерген

23:03, 25 мамыр 2018

Биылғы талапкерлердің талабы таудай. Тау жастары... ІТ, есептеуіш техника, энергетика салаларына ерекше ықылас таныта бастаған. Бұл өндіріс пен тұрмыста осы сала мамандарына сұраныстың артуына тікелей байланысты болса керек.

Түлектер қазіргі заманның талабы мен нарықты біршама зерттегендерін айтады. Мәселен, бүгін Төлеби ауданындағы Ұзынарық ауылындағы мектепті 18 оқушы мектеп бітірді. Түлектердің барлығы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Сонымен бірге көбі техникалық мамандықтар таңдап отыр.

Нұрмұхаммед Таразы  - жас түлек

- Менің таңдағам мамандығым теміржол саласы. Алматы қаласындағы Тынышбаев академиясына түсемін деген ниеттемін. Қазір Қазақстанда зауыттарда вагондар шығып жатыр. Осы Қазақстанда қалмайтын, өркендейтін салалардың бірі.

Ауыл мектебінің  түлегі Бейбарыс Бейсен болса, ақпараттық технология саласын таңдаған. Компьютердің тілін жетік меңгерген оқушы ІТ маманына сұраныс жоғары екенін біледі. Қолға диплом алған соң кез келген компанияда, өндіріс саласында жұмыс табыларына үмітті.

Бейбарыс Бейсен - жас түлек

- Қазіргі кезде заңгер, қаржыгер мамандықтарына қарағанда ІТ маманына сұраныс көп болғандықтан мен осы мамандықты таңдап отырмын. Өйткені ІТ мамандығы арқылы кез-келген жұмыс орнына, кез-келген салада өз орныңды табуға болады. Және елімізде ІТ технология енді-енді дамып келе жатыр. Соған орай мен сол салаға өз үлесімді қосым, өмірде бір кірпіш болып қалансам ба деймін.

Бүгінде ауыл мектептерінде білім алатын балаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде, - дейді білім мекемесінің басшылығы.

Рүстем Амантай – Қазанғап Байболов атындағы орта мектептің директоры

- Мектебіміздің техникалық базасы нығайып, мұғалімдеріміздің біліктілігін арттыру нәтижесінде оқушыларымыз облыстық, аудандық білім олимпиадаларында жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. Ұлттық біріңғай тестілеуде жоғары балл жинайды деген сенімдеміз.

Бүгін Қазанғап Байболов мектебін бітірген түлектерге соңғы қоңырау соғылып, ұстаздар қауымы он жыл бойы білім берген оқушыларына ақ жол, сәт сапар тіледі. Салтанатты жиынға қатысқан ата-аналар да ұл-қыздарының таңдаған маман иесі болуына тілектестіктерін білдірді.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТҰРА БАУРАЙЫНДА ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ  БЕРІЛДІ
13:22, 18 маусым 2018
ҚОСТҰРА БАУРАЙЫНДА ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
Шудағы пойыз апаты: Қаза болған жасөспірім мен зардап шеккендердің тізімі жарияланды
11:05, 18 маусым 2018
Шудағы пойыз апаты: Қаза болған жасөспірім мен зардап шеккен...
Толығырақ...
ҰЗЫНДЫҒЫНАН ТМД-ДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АКВАПАРК АШЫЛДЫ
11:01, 18 маусым 2018
ҰЗЫНДЫҒЫНАН ТМД-ДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АКВАПАРК АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
15:58, 12 маусым 2018
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
Толығырақ...
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
17:03, 14 маусым 2018
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:28, 11 маусым 2018
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...