ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

14:03, 11 қыркүйек 2019

Мектеп — болашақ негізін қалайтын, жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын өнегелі орта. Қасиетті мол мекеннен тәрбие көрген Жетісайлық түлектер туған жеріне тарту жасаған. 1982 жылы «Сабырхан Асанов» атындағы жалпы орта мектебінен қанат қаққан қарлығаштар бүгінде елағаларына айналып, игі іске мұрындық болған.

«Сабырхан Асанов» атындағы жалпы орта мектебі талай дарынға әріп танытып, белін буған орда. 1960-ыншы жылдары іргесі қаланған білім ұясында 630 оқушы білім алуда. 90-ға жуық педагог балалар санасына сапалы білім нәрін сеуіп жүр.
Бектұрсын Шойбеков – «Сабырхан Асанов» атындағы жалпы орта мектебінің директоры
Тәрбие тал бесіктен. Өнегелі ортадан қанат қағып, аға буын өкілдерінен өнеге алған түлектер туған ауылын түлетуге ынта қойған.  Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында тынбай тер төккен азаматтарға құрмет тақтасын орнатқан. Тамаша туынды ауыл ажарына әр беріп, халықтың жиі бас қосатын сүйікті орталығына айналған.
Ажғабыл Жұманов – Ынтымық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Ербол Баженов – ауыл тұрғыны

Мектеп ұжымы жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім беруді қолға алған. Мұндағы шәкірттер республикалық, облыстық байқауларда топ жаруда. Бұл 11 жылдық білімнің іргесі берік екенінің айғағы.

Д.Өмірзақова                                                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
21:24, 20 қыркүйек 2019
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...