ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ТҮЛКІБАСТЫҢ АЛМАСЫ ҰЛТТЫҚ БРЕНД

12:34, 7 ақпан 2020

2019 жыл түлкібастықтар үшін жақсы істер мен жағымды жаңалықтарға толы болды. Былтыр 256 отбасы баспанаға қол жеткізді. Өңірде ауылшаруашылығымен қатар, бизнес саласы да дамып келеді. Алмасымен аты шыққан ауданда бау-бақша көлемі де ұлғайып отыр. Аудан әкімінің Майлыкент ауыл округінде өткен есепті кездесуінде аймақ жетістіктері екшеліп, болашаққа бағдар жасалды.

Түлкібас  ауданында өткен жылы  жалпы өңірлік өнім 103,2 пайызға өсті. Ал, ауылшаруашылық саласында өндірілген өнім көлемі   38 млрд  теңгені құрап, көрсеткіш 104 пайызға орындалған. Ауданда  35  мал бордақылау алаңы ашылған.  Бейнетін күктен емес, еткен еңбектен тілеген Түлкібастық шаруалардың да тындырымды ісі көпке үлгі. Тау бөктері бүгінде бау-бақшаға айналып келеді.  Өріс төт түлікке толып, кәсіпкерлер балық шауашылығына да ден қоя бастаған. 

        Нұрбол Тұрашбеков – Түлкібас аудынының әкімі

Аудандағы  62 елдімекен орталықтандырылған жүйемен су ішеді. Жалпы   ауыз сумен қамту деңгейі 99 пайыздан асқан. Жарық мәселесі 100 пайыз шешімін тапқан. Тау етегіндегі кенттер 98 пайыз көгілдір отынмен қамтылып отыр.  Халық санының өсуіне байланысты жаңадан бой түзген мөлтекаудандар биыл газдандырылады.  Доңыз жылы  талайдан бері пәтер кезегін күтіп сарылған тұрғындар үшін де қуанышқа толы жыл болды. Мемлекет көмегімен  ауданда көп қабатты тұрғын үйлер еңсе тіктеп, соның нәтижесінде  256  отбасы қоныс тойын тойлады.

Нұрбол Тұрашбеков – Түлкібас аудынының әкімі

Есепті жиында өткен жылы аудан көлемінде атқарған жұмыстар жайындағы бейнефильм жұрт назарына ұсынылды. Жергілікті халық аудан әкіміне көкейлерінде жүрген саулдарын жолдап, нақты жауап алды. Басқосуда  алда атқарылар тірліктің жай-жапсары пысықталды.

А.Байзахова                                                             

 


 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:23, 30 қазан 2020
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...