ШҰҒЫЛ! МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ. Толығырақ

«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕ ӨТЕДІ

12:27, 16 шілде 2019

«Тұлпар мініп, ту алған». Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында қолға алынған байқау, биыл жаңа оқу жылында басталады. Қатысушылар «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтуы тиіс. Одан бөлек, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.

«Тұлпар мініп, ту алған» әдеби және тарихи танымдық байқауы биыл республикалық маңызға ие болып отыр. Ықылым заманнан бері келе жатқан жыршылық дәстүрді қайта жандандыруға бағытталған шараның мақсаты- жастардың жадында батырлар жырын жаңғырту.Үрдіске айналған республикалық жыр оқу байқауы бұған дейін жазғы демалыста ұйымдастырылған болса, бұл жолы ережелері өзгертілді. 

 Серік Сейтман – Республикалық «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының ресми өкілі

 Қыркүйек айында басталады.Яғни біздің былтырғы оқу жылында жарияланған байқау ережесіне толықтырулар енгізілді. Былтырғы жылы 10 сынып оқыған бала болса, қыркүйекте 11-сынып оқиды. Олар қатыса алам ба? Деген сұрақ туындайды. Олар былтырғы жылғы өтінім бойынша қатыса алады. 9-сыныпты бітіріп, колледжге түскендер де қатыса алады.

«Qazaq Epos» қоғамдық қоры бастамашы болған байқау былтыр Алматы қаласында өткен болатын. Негізгі бағыт тарихи эпостарды жаттау. Яғни, туындыны толық жатқа айту, мәнерлеп оқу, эпостағы әр сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіну – басты талаптардың бірі.

Серік Сейтман – Республикалық «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының ресми өкілі

Бізді көріп отырған  көреғрмендерге әліде мүмкіндіктер бар. 5-сыныпты бітірген балалар сіздер тез арада аудандық, облыстық білім басқармаларының бөлімдеріне барып, өз өтініштеріңізді беріп, байқауға биыл қатыссаңыздар болады.

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеруді міндеттеген байқаудың жүлде қоры да қомақты. Бас жүлде алған оқушының ұстазына шәкіртінің жүлдесінен   екі есе көп қаржы беріледі.

Ә. Дәулетбекқызы                                                    

Тақырып бойынша материалдар

ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНДІ
18:10, 21 қаңтар 2020
ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
18:08, 21 қаңтар 2020
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...