ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

19:03, 15 қыркүйек 2020

Жылдың суық мезгілі келуімен қатар жедел респираторлық вирусты инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау ауруының да маусымы басталатыны белгілі. Осы орайда, Түркістан облысы бойынша биылғы жылға тұмауға қарсы Ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 240 637 дозасы алынып, тұмауға қарсы егумен облыс тұрғындарының 12,14%-ын қамту жоспарланып отыр. Жоспарлы профилактикалық егу халықтың жекеленген санаттарына яғни, медицина қызметкерлері, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдермен жабық мекеме қызметкерлеріне тегін жүргізіледі.

Екпе жұмыстары әдетте ауру асқынбай тұрып, алдын ала қыркүйек айынының 15-нен басталуда. Алдын-ала болжамдар  бойынша күз-қыс айларында коронавирустық инфекцияның екінші толқыны туындап, ЖРВИ мен тұмаудың мезгілдік кезеңімен сәйкес келіп, қабаттасуы эпидемиологиялық жағдайды асқындыруы ықтимал дейді санитар мамандар. Тұмаудың салдары вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит сияқты, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады. Тұмаудың алдын алудың ең сенімді жолы - эпидемиялық кезең басталмай тұрып тұмауға қарсы екпе егу. Түркістан облысында  жұмыс берушілер  есебінен  мекеме, кәсіпорын жұмысшыларын  егу  шаралары қарастырылуда. Одан бөлек азаматтардың өз қаражаттарына тұмауға қарсы профилактикалық егуді Түркістан қалалық емханасы қолға алуда.

Бақтыораз Елемесов - Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары

 

Тақырып бойынша материалдар

АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
10:56, 23 қыркүйек 2020
АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
10:54, 23 қыркүйек 2020
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...