ШҰҒЫЛ! АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН Толығырақ

"ТҰРАН" СПОРТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ КЛУБЫ АШЫЛДЫ

14:05, 11 қыркүйек 2019

Түркістан облысында баскетбол, волейболдан жоғары лигада өнер көрсететін, ал, гандболдан супер лигада сынға түсетін "Тұран" спорттық ойын түрлері клубы ашылды. Облыс намысын қорғайтын командаларға жергілікті жастар шақырту алған.

 Биылғы маусымға  дайындықты  бастап  кеткен  Түркістан  облысының баскетбол  қыздар  командасы алдарына үлкен  мақсат  қойып  отыр. Аға  бапкер Ғалия  Мамахан  жаттықтыратын  волейболдан жоғары  лигада  облыс  намысын  қорғайтын қыздар  командасымен облыс  спортының  басшысы Полат Қырықбаев  арнайы  кездесіп, олардың Қазақстан чемпионатына  жан-жақты  дайындықтарымен  танысты.  Басқарма басшысы команда жетекшісі мен спортшыларға ел біріншілігінде үздіктер қатарынан көрінуді тапсырды.

ҒАЛИЯ  МАМАХАН -  ВОЛЕЙБОЛДАН «ТҰРАН»  ҚЫЗДАР  КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА  БАПКЕРІ

 "Тұран" спорттық  ойын  түрлері  клубына  қарасты баскетбол,  волейбол командалары   негізінен  Түркістан  қаласындағы Қожа  Ахмет  Яссауи  атындағы халықаралық  қазақ-түрік  университетінің  талантты ұл-  қыздарынан  жасақталған. Шаршы  алаңда  өзінің  шеберлігін  көрсете  алған Ботакөз  Ерланқызы  баскетболдан  қыздар  командасының  алар  асуы  биік  екендігін  жеткізді.

 БОТАКӨЗ ЕРЛАНҚЫЗЫ-  «ТҰРАН» КОМАНДАСЫНЫҢ  КАПИТАНЫ

  Ендігі  жерде Қазақстан чемпионатының баскетболдан  және  волейболдан  жоғары  лигасында, сонымен  қатар  гандболдан  супер лигада  сынға  түсетін командалар  қазан айынан  бастап ел біріншілігінде  облыс  намысын  қорғайтын  болады. Жанкүйерлерді  талай жетістіктерімен  қуантуды  басты  мақсат еткен құрама мүшелеріне  сәттілік  серік  болсын.  Бұдан  басқа  жуырда Түркістан   қаласында  саңлақтарымызды  әлемдік  аренаға  алып  шығар  облыстық олимпиадалық  резервін  даярлау  орталығының  ғимараты   ел  игілігіне  берілетін  болады. Заман талабына сай бой түзеген   спорт  кешені  Түркістан  облысының  спортшы  ұл-қыздарын  тек  жеңістерге  бастамақ.  Токио олимпиадасы қарсаңында осы кешенде жерлестеріміз жоғарғы деңгейде жаттығу жүргізетін  болады.

А. Мырзахметов                            

Тақырып бойынша материалдар

СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
15:40, 2 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...