ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ

18:09, 16 қазан 2019

Әкім уәдесінде тұрды! Шымкенттегі Тұран мөлтекауданының тұрғындары осылай деп, қуанып отыр. Осыдан небәрі екі күн бұрын Ерлан Айтаханов тұрғындармен кездесіп, осы маңға қоғамдық көлік жүргізіп беруге уағдаласқан екен. Қала басшысы сөзінде тұрып, бүгін 171-ші бағыттағы автобус жолаушы тасымалдауды бастап кетті.

Тұран мөлтекауданындағы «Әдия» тұрғынүй кешеніне жұрт өткен жылдың көктемінде қоныстанған. Арада біраз уақыт өтсе де әлі күнге дейін  қоғамдық көлік мәселесі шешілмеген-ді. Мөлтекауданға арнайы барған қала әкіміне шағынауданың халқы қоғамдық көлік мәселесін қағажу көріп отырғандарын айтқан болатын. Шаһар басшысы  бұл мәселені шешуге уәде   еткен-ді. Енді міне, аталған шағынаудандарға №171 бағытта жаңа автобустар жүруде. Тұрғындар мәселені жедел шешкені үшін қала әкімі Ерлан Қуанышұлына   алғыстарын  айтуда.

Мұрат Өтебеков – Шымкент қаласының тұрғыны

Әкім келді, халыққа уәде берді. Біз соған айттық, осы жолдан азап көрдік. Міне шешіп берді. Халыққа шынымен жақын екен. Қуанып қалдық. 

Айымгүл Дүйсебаева – Тұран мөлтекауданының тұрғыны. Көшіп келгелі бері «Әдиядан» қалаға қатынау мұң болған. Таксимен қатынайтын, кейде жаяу жуге тура келетін, дейді ол. Енді міне, жаңа автобус жүріп, қуанышы артып отыр.

Айымгүл Дүйсебаева – Шымкент қаласының тұрғыны

Азап еді. Көктемде көшіп келгенбіз. Жол азабын тартып келе жатыр едік. Жаяудан жаяу жүретінмін. Міне, рахат болып қалды.

Автобустың жиілігі 5-10 минут аралығында. Әзірге 5 көлік қатынауда. Тұрғындар өтінішіне сай алдағы уақытта тағы да қоғамдық көлік қосылмақ.

Марат Төлегенов – автобус жүргізушісі

Азанда 6 да шыққанбыз. Жиі жиі жүріп жатырмыз. Халық риза. Әкімге алғыстарын айтып жатыр. Осы халыққа қызмет көрсетуге дайынбыз. Әрқашан осы бағытта елмен бірген еңбек етеміз.

Қазір қалада бірнеше бағыттар бойынша жаңа автобустар жолаушылар тасымалдауда. Әлеуметтік маңызды 10 бағытқа жаңа қоғамдық көліктер жүре бастады. №171-ші автобус солардың бірі. Қала басшысының берген  уәдесінде тұрып, мәселені шешкені   – халықтың әкімге деген сенімін арттырып отыр. Бұл өз кезегінде билікпен арадағы  байланысты одан әрі нығайта түсері  анық.  

П.Биназарқызы                 


 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар