ШҰҒЫЛ! АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҰЗЫП ЖАТЫР Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ӨЗ ШЕШІМІН ТАПТЫ

12:31, 1 қазан 2019

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Осы орайда қоғамдық бірлестіктермен және халықпен талқылау жұмыстары қолға алынды. Нұр Отан партиясының мәжіліс залына жиналған қала тұрғындары аталмыш жаңалыққа қолдау білдірді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес жергілікті атқару органдары халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрғын үй мәселесіне қатысты ақпараттарды таратуда.  Жеңілдетілген тұрғын үй алу кезегіне Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, әлеуметтік әлсіз топқа жататын тұлғалар, мемлекеттік және бюджет қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлер және жалғыз тұрғын үйі апаттық жағдайда деп танылған азаматтар жылдамдатылған режимде құжаттарын тапсыра алады.

Жұлдызай Ордабекова – Есепке алу және тұрғын үйлерді бөлу бөлімінің басшысы

 (басты мақсатымыз кезектілік тізімін оңтайландыру, арендалық тұрғын үймен қамтамасыз ету және мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыру..)

Кезекке тұру үшін қажетті құжаттарды азаматтар өз мекен-жайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе  электронды түрде тапсырады. Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясы барша тұрғындарды қабылданған жаңа заң аясында кезекке тұруға шықырады.

М. Жорабай                                                                                          

 

Тақырып бойынша материалдар

ФИТО САНИТАРЛЫҚ ҚҰЖАТ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
13:41, 27 мамыр 2020
ФИТО САНИТАРЛЫҚ ҚҰЖАТ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТІК БУХГАЛТЕР ӘУЕС ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ
13:40, 27 мамыр 2020
ШЫМКЕНТТІК БУХГАЛТЕР ӘУЕС ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
18:29, 22 мамыр 2020
БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...