ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР ТЕГІН ТЕКСЕРІЛДІ

16:53, 15 наурыз 2019

«Өзіңді туберкулезден қорға!» Осындай атаумен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Түркістанда арнайы акция ұйымдастырды. Аталған шара аясында қала тұрғындары тегін медициналық тексеруден өтті. Профилактикалық тексеруге тұрғындарды көптеп тарту үшін акция облыс орталығындағы «Қуаныш» базарында ұйымдастырылды.

 Феруза апай аптаның алты күнінде орталықтағы базарда сауда істейді.  Жай күндері медициналық тексеруден өтуге мүлде мүмкіндігі жоқ. Бүгінгі акцияның өтетін естіп, 10 минутын қиып келіпті. Қан қысымын өлшетіп өзгеде дәрігерлердің бақылауынан өтті. Қорытындысын алып, қуанып қалды.

Феруза Матиева – Түркістан қаласының тұрғыны

Бүгін бізге өте тиімді болды. Өйткені, біздің арнайы дәрігерге барып тексеруден өтуге муақытымыз жоқ. Сол үшін осында алып келгеніне үлкен рахмет. Барлығы керек. Қазір тексеруден өттім барлығы таза екен қуанып қалдым

 Бүгін тексеруден өткен тұрғындардың қорытындысы нақ осы жерде бірыңғай базаға ендірілді. Енді олардың денсаулығы туралы ақпарат өзі тіркелген мекен жайы арқылы тиісті емханаларға жөнелтіледі. Егер қандайда бір аурудың белгісі анықталса учаскелік, дәрігерге ескертіледі. Сөйтіп, оны емдеу шаралары жүргізіледі.

 Камагүл Мұсақожаева – Түркістан қалалық емхананың бас дәрігері

 Бұл жерде дәл кезінде снимокты көріп, читкак жасап бір күмән туса, сұрақтар болса қандайда бір ауруға. КМИС базасына енгізіп, аймақ бойынша бөліп, учаскелік дәрігерге ескертіледі. Кейін науқаспен сол жұмыс істейді.  

Бұл шара тек бүгінмен шектелмейді. Өткен айдың 24-не басталған акция бір айға созылады. Осы уақыт аралығында өңірдегі барлық аудан қаланы тұтас қамтиды. Ондағы мақсат сарып ауруының алдын алып, оны жұқтыру қаупі мен салдары туралы халықты ақпараттандыру. Сонымен қатар, тұрғындарды өз денсаулығына жауапты болуға тәрбиелеу.

Фарида Байзахова –Түркістан облыстық СӨСҚО директоры

 Бүгінгі күні флюрогрфиялық тексеруден бір сағаттың ішінде 62 адам өтті. Ешқандай теріс көрсеткіш байқалған жоқ. Одан бөлек түрлі дәргерлердің де бақылауынан өтуде.

 Сондай-ақ, акция кезінде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы студент жастармен бірігіп, тұрғындар арасында түсіндірме жұқмыстарын жүргізді. Ол үшін көпшілікке аурудан сақтанудың тәсілдері жазылған үнпарақтар таратылып, арнайы флешмоб ұйымдастырылды.

 

М. Жарылқасын        

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
16:57, 26 наурыз 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ
13:03, 23 наурыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАД...
Толығырақ...