ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ӘКІМДЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдар дер кезінде қаралмайды

15:39, 12 қаңтар 2018

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері». Жолдаудың 8-9-шы бағыттарында тиімді мемлекеттік басқару мен жемқорлықпен күрес жайы айтылған. «Яғни, ендігі міндет - Заңның үстемдігіне баса назар аудара отырып, тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдарды дер кезінде қарау қажет». Осылай деген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бүгін халықтың әл-ауқаты мен жағдайын жақсарту, қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында алқалы мәжілісін өткізді.

Жиында сөз алған құзырлы орган басшылары өңірде шешуді және алдын алуды қажет ететін өзекті проблемаларды тізбектеп айтты. Өйткені, әлеуметтік шиеленіске себеп болуы мүмкін тәуекел ошақтары нақты шаралардың атқарылуын талап етеді.

Ержан Бердібеков – облыс прокурорының бірінші орынбасары

Бүгінде прокуратура тарапынан олардың себептері мен туындау көздерін анықтап, тәуекелдерді жою мен проблемаларды шешу мақсатында арнайы жұмысшы топтарды өңірдің аумақтарына жіберу облыс әкіміне ұсынылып, қолданды. Өткен жылдың 4-15 желтоқсанында «Қауіпсіз орта қалыптастыру» іс-шарасы аясында бекітілген 6 бағыт бойынша құрылған алты жұмысшы топ Сайрам ауданы мен Түркістан қаласында өз жұмысын аяқтады.

Облыс басшысы Сайрам ауданы мен Түркістан қаласында өткен «Жергілікті десант» акциясы елдімекен халқы үшін оң нәтижесін бергенін айтты.  Осы тектес іс-шараларды енді Сарыағаш пен Мақтарал аудандарында жалғастыруды ұсынды. Жоспарға сай жүргізілген жұмыстар барысында халық арасында күнделікті тұрмыстық мәселелерге байланысты проблемалық сұрақтар зерделеніп, оларды шешуге барлық жағдайлар жасалатын болады.

Алты бағыт бойынша құрылған алты жұмысшы тобының атқарған ісі ауқымды. Айталық, өткен жылы дәстүрлі емес діни бағыттағы азаматтардың сенімін дұрыс бағытқа өзгертіп, радикалдық көзқарастарды жою үшін бірқатар жұмыстар атқарды. Қоғамдық-саяси тұрақтылыққа әсер ету үшін түрлі қақтығыстарға себеп болатын алғышарттар зерттелді. Сонымен қатар, 700 адамнан әлеуметтік сауалнама алынды. Жиында терроризмге қарсы күрес жұмыстарын әрі қарай жандандыру мақсатында жасалған облыстық терроризмге қарсы комиссияның логотипі бекітілді.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы                                 

Тақырып бойынша материалдар

Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті
12:50, 15 шілде 2018
Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ҒИМАРАТТАР ШЫҒЫС СТИЛІНДЕ САЛЫНАДЫ
12:35, 15 шілде 2018
ТҮРКІСТАНДА ҒИМАРАТТАР ШЫҒЫС СТИЛІНДЕ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ
16:04, 13 шілде 2018
ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАД...
Толығырақ...
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
17:00, 10 шілде 2018
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
12:09, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРД...
Толығырақ...