ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

19:10, 20 қараша 2020

Бадамдықтардың базыналары тыңдалды. Тұрғын алабтағы инфрақұрылым мәселесі тұрғындардың әбден титығына тиген. Бұл туралы «NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалы өткізген кездесу барысында талқыланды. Жиынға қатысқан Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға тырысатынын айтты.

Бұл елді мекенге 100-ге жуық үй салуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда мұнда 40-қа жуық тұрғын тұрып жатыр. Бүгінде жаңадан құрылып жатқан  алапта шешімін күткен мәселе көп. Әсіресе, ауыз су, жол төсеу, электр жарығын орнату сынды проблемалар бар. Жақында ғана тұрғындар өздері ұйымдасып  үйлеріне табиғи газ тартқан болатын.

Ғалымжан Ілиясов   - Еңбекші ауданының әкімі

Аталған елді мекен үлкен жолдың бойында орналасқандықтан тұрғындар мектеп оқшыларының қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты. Яғни жолға жасанды кедергілер орнатылса деген өтінішін білдірді.

Боранбай Балықұлы - ауыл тұрғыны

Өз кезегінде аудан әкімі бұл мәселелер күн тәртібіне бекітіліп, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді. Сондай-ақ елді-мекенге балалар ойын-алаңшасын салу да жоспарда бар екенін айтты.

 

Айдана Қуанышқызы                                              

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар