ШҰҒЫЛ! ЖАНЖАЛ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН МАСКА ТАРАТЫЛДЫ

19:50, 26 наурыз 2020

«Қалаларымыздың негізгі көшелерінде маскалар азаматтарға тегін таратылуы тиіс». Осылай деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ұсыныс айтқан болатын. Осы бастамаға Шымкенттегі «Mega Pharma» компаниясы алғашқылардың бірі болып қолдау білдірді. Кәсіпорын өкілдері еріктілермен бірге қала тұрғындарына тегін бетперде таратты.

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Mega Pharma» компаниясы 20 мыңға жуық масканы қала тұрғындарына таратып берді.  Теңдей төртке бөліп, төрт ауданның халық көп шоғырланатын жерлерінде арнайы акция ұйымдастырды. Компания өкілдері бұл акцияны Нұр-Сұлтан қаласында да өткізіп, ол жаққа 50 мың дана медициналық бетперде жеткізгендерін айтады.

Инара Абдраимова - «Mega Pharma» компаниясының өкілі

(Біздің мақсатымыз Шымкент қаласының тұрғындарына қолдау көрсету, өзіміздің әлеуметтік борышымызды орындау. Алдағы уақытта бұл акцияны Алматы қаласында өткізу жоспарлануда. Біз нарықта 7 жылдан бері пайдалы өнімдер шығарумен айналысамыз. Және де барша компанияларды қамқорлық танытып, қала тұрғындарына көмек қолын созуға шақырамыз.)

Жандос Қалтаев – Шымкент қаласы «Отбасы, балалар және жастар істері» жөніндегі басқарма басшысы

Еңбекші ауданы бойынша «Север» сауда үйінде жас волонтерлар көмегімен 500 дана маскамен, 600 дана аскорбинді қышқыл дәрумені бір мезетте таратылды. Әр адамға 5 дана маскадан берілуі тиіс болған. Тегін бетпердеге қол жеткізгендер алғысын айтса, кеш келіп қапы қалғандар өкпе-реніштерін де білдіріп жатты. Алдағы уақытта осындай келеңсіздіктердің алдын-алу үшін тиісті шаралар қолға алынатын болады – дейді, ұйымдастырушылар. Қазіргі таңда халықтың бір орында көптеп жиналуы да құпталмайды. Сол себепті, келесі акция барысы өзге форматта өтеді, дейді олар. Ең бастысы «Біз бірге» екендігімізді ұмытпағанымыз жөн..

М. Жорабай

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
21:59, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ  ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ
21:56, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАД...
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
18:47, 25 қыркүйек 2020
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...