ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Түрік журналистері бауырластық байланысты нығайту үшін латын әліпбиінің маңызы зор екенін айтты

18:26, 13 қыркүйек 2017

Өңір басшысы Түркі әлемі әдеби журналдарының редакторларымен кездесті. Қонақтар «Түрксойдың» Түркістандағы жылы аясында облысымызға арнайы келген.

       Түркістан қаласында Түркі әлемі әдеби журналдарының  редакторларының 8-ші конгресі өткен. Оған 19 елден 30-ға жуық әдебиет және мәдениет қайраткерлері қатысты. Алқалы жиынға келген қонақтар түркі тілдес халықтардың ортақ тарихын интеграциялауға ықпалын тигізуді көздейді. Себебі, шыққан тегі бір халықтар қашанда өзара байланысты нығайтуға мүдделі. Сондықтан кездесуге келгендер бауырластық байланысты дамыту үшін латын әліпбиінің тиімділігін атап өтті. Қуатты қалам иелері Елбасының «ТҮРКСОЙ» түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс! деген пікірін де қолдайды. Бұл пайымның дұрыстығы жыл сайын сезіліп келеді. Ендігіде ортақ мақсат пен мүдде тоқайластырған елдердің байланыстары арта түсетініне сенімдіміз, - дейді әдебиет майталмандары.

НҰРМАХАН Кенжехан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...