ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ТУРИСТЕР САНЫН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

13:46, 16 мамыр 2019

Шымкент қаласының 2200 жылдан астам тарихы бар. Шырайлы шаһарда еліміз үшін ерекшеленетін археологиялық объектілер қатарына кіретін орындар жетерлік. Енді сол тарихи орындар мен сәулетті нысандардың маңызын арттырып шет елден келетін туристтерді көптеп тарту керек. Бұл экономикалық өсім мен халықтың әл ауқатын жақсартуға сеп болмақ. Осы мақсатта шаһарда біршама тірліктер атқарылмақ.

 Шымкент қаласы 2020 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының астанасы. Осыған орай, әкімдік тарапынан аталған іс-шараға жан-жақты дайындық жұмыстары басталып кетті. Сырттан келетін қонақтардың қызыға тамашалайтын орындарын көркейтіп,  жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Солардың бірі «Ескі қалашық» кешені. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов  өзінің әлеуметтік желі парақшасында жария етті.

Ғажайып жоба. Ескі қалашықтағы Цитадель. Тиісті жумыстар атқарылып жатыр. Келесі жылы 1 этапты тапсырамыз. Цитадель біздің қала үшін өте маңызы зор болады. Рим қаласындағы Колизей сияқты. 

 Дәлірек айтқанда «Ескі қалашық» жобасы өңірлік деңгейдегі Туристендіру картасы нысандарының тізбесіне енгізілді. Ескерткішке кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру мүмкіндігі қарастырылды.

Тұрар Ахметов – Шымкент қалалық туризм басқармасының басшысы

2018 жылы Шымкент қаласына 178 мың адам келген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық.

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы                                                                     

Шаһардың орта ғасырлық бейнесін қалпына келтіру және жаңғырту бойынша жұмыстары басталды. 2020 жылы аяқтау жоспарлануда. Ал, музейдің ашылуы 2020 жылдың маусым айына деп болжанды.  Сондай-ақ, халықаралық әуежайда жаңа терминал салынып,  теміржол вокзалы жөндеу жұмыстарынан өтеді.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
12:26, 18 шілде 2019
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
Толығырақ...