ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ТҮРКІЛЕР ДҮНИЕНІ ДҮР СІЛКІНТКЕН

18:10, 6 желтоқсан 2018

Біздің елден табылған Алтын адам Мысырдың Тутанхамонынан кем емес. Сахараны еркін кезген Сах Ғұн бабаларымыздың айбарынан еуропаның айтулы мемлекеттері аяқ тартқан. Қазақ тарихы тереңде жатқандығы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде бас біріктірген «Мирас» қоғамдық кеңесі мәжілісінде айтылды.

Жылқыға алғаш ер салған да, еңку еңку жер шалған да – ер түріктің ұрпағы. Ең алғашқы рет темірді балқытқандар көшпенді ел деседі тарихшылар. Алайда өз елдерінің айбынын асыру үшін бұра тартып қазақты бұратана елге айналдыруға құштар өзгелер. Әйтпесе батыс жалаңбұт жүргенде сым киіп, садақ  тартқан орта азияны мекен еткен халықтар. «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі Сәкен Мәжінбеков осы мәселеге ерекше тоқталды.

Сәкен Мәжінбеков – Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің директоры

Оқымысты білімді ғалымдар мойындайды. Бірақ әлі тарихта жазылмай келе жатыр. Шпенглер мен Тоймбиктің еңбектерінде әлемдік 8 өркениет жазылады. Бірақ оның ішінде біздің бабаларымыз жоқ. Осының бәрін тереңнен зерттеп қайта жаңғыртуды талап етеді.

Ал тарих ғылымдарының кондидаты  Баршагүл  Исабек байтақ жерімізден табылған жәдігерлерді дәйек етіп тарихымызды паш етуге  болады деген ойын жеткізді. Есік қаласынан табылған «Алтын адам» біздің тамырымыздың тереңде жатқандығына дәлел. Сондай ақ тарихты барлық азаматтар ұғына білсе ұлтымыздың ұстыны биік болатындығын әңгімеге арқау етті.

Баршагүл  Исабек – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  бірінші проректоры

Біз кеңес үкіметі кезінде тарихқа аса мән бермедік. Осы мақала шыққан күні мен ерекше қуандым. Себебі  әрбір қазақ өзінің тілі мен тарихын терең білу керек. Әсіресе мемлекеттік қызметкерлерге тарихты білуін қадағалау керек. Өз елінің жерінің өткенін ұғына білген азамат сол елдің шынайы патриоты бола алады.

Жиынға келгендер мақалада айтылған мәселелерді дұрыс жүзеге асыру  жұмыстарын пысықтады.  Мәселен өңіріміздегі  жоғары оқу орындарының  ғалымдары мен студенттері Өзбекстан еліндегі  архивтерді ақтарып тың деректер  іздеп жүрген көрінеді.Жиынды қорытындылаған кеңес төрағасы Мархабат Байғұт  ұлтымызды ұлықтайтын  ұлы жобаны жүзеге асыруға  жұмыла кірісуге шақырды.

К. ДҮЙСЕНБІ    

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫН НҰР-СҰЛТАН ДЕП АТАУДЫ ҚОЛДАДЫ
23:33, 24 наурыз 2019
ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫН НҰР-СҰЛТАН ДЕП АТАУДЫ ҚО...
Толығырақ...
ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ
19:22, 23 наурыз 2019
ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ
13:03, 23 наурыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАД...
Толығырақ...