ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

«ТҮРКІСТАН АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»- ТАЗАЛЫҚ ПЕН ӘДІЛДІКТІ КӨЗДЕЙДІ

14:20, 31 шілде 2020

Билік органдарына қоғамның сенімін арттыру бүгінгі таңда өзекті. Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында құрылған «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жарты жылда атқарған жұмыстарының есебін берді.Бұл кеңсенің мамандары бүгінде дәріханаларда шектік бағалардың сақталуын тұрақты бақылауда.

 «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі 2018 жылдың 13-желтоқсанында құрылды. Содан бері биліктегі азаматтардың сыбайластыққа жол бермеуін қадағалауға кірісті. Олар жемқорлық көбірек орын алып отырған салаларды зерделеп шыққан.

Асыл Алдаберген – «Түркістан Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі

Сот және құқық қорғау органдары, білім және денсаулық, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру секілді салаларға тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеміз.

Жыл басынан бері «Сапалы жол-адалдық алаңы» жобасы бойынша облысымыздағы 16 ауданның жолдары тексерілді. Нәтижесінде 26 кемшілік анықталды. Сапасы сын көтермейтін жолдар қайта салынған. Ал, індет жайлаған кезде ар-ұятты ұмытып табыс қуалаған дәріхана иелері де жауапкершілік арқалайтын болды. Оларға айыппұлдар салынды. Біразының жұмысы тоқтатылды.

Асыл Алдаберген – «Түркістан Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі

7 күн бойы жүргізілген тексеру нәтижесінде 23 дәріхананың дәрі дәрмек бағасын шектік бағадан асырып сатқандығы және 2 дәріхананың меммлекеттік лицензиясыз жұмыс жасап келе жатқанждығы анықталды.,Анықталған нысандар бойынша тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

Дәріханаларды тексеру жұмыстары әлі де жалғасады. Таза және әділ жұмыс істемеген кәсіпкерлік нысандарына тиісті шара қаралатын болады.

Н.Кенжехан                     

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 1465 АДАМ КӨШІП БАРҒАН
19:26, 29 қыркүйек 2020
БИЫЛ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 1465 АДАМ КӨШІП БАРҒАН
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР
17:52, 29 қыркүйек 2020
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...