ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАН АҚЫЛДЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ

17:59, 7 маусым 2019

Түркістан «ақылды қалаға» айналады. Ол үшін облыс орталығында «Смарт сити» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде келешекте қоғамдық көлік, коммуналды қызметтер ісі толықтай автоматты жүйеге көшеді. Ал, өткен жылы қызмет бабымен Түркістанға қоныс аударған 300 мемлекеттік қызметші биыл баспаналы болады. Облыс орталығында орын алып жатқан осындай оқиғалар бүгін өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына таныстырылды.

Түркістанға табан тіреген төраға алдымен әкімдік жанынан ашылған жобалық кеңсе жұмысымен танысты. Осыдан үш ай алдын құрылған кеңсе негізінде бес бағыт бойынша жұмыс істейді. Мұндағы мамандар өңірдегі жүзеге асатын жобаларды жедел жүзеге асырудың тетіктерін қарастырады. Ол үшін кеңседе барлық сала мамандары бар. Олар түскен әрбір жобаны дер кезінде саралап кем-кетігі болса толықтырады. Одан кейін тиісті орындарға ұсынады.

Бұл кеңсеге өңірдің дамуына үлес қосқысы кез – келген тұрғын өз жобасын ұсына алады. Осындағы мамдар берген мәлеметке сүйенсек күні бүгінге дейін кеңсеге 1364 жоба келіп түскен. Олардың басым бөлігі инфроқұрылым саласын дамытуға бағытталған.

 Алик Шпекбаев- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

Бәрі офис-спейс ретінде осында жиналып, бастау проектілерді талқылап жатырсыздар. Бұл заман талабы. Ең бірінші-ашықтық, айқындық. Бәріңіз білесіздер мемлекет қоғам алдында есеп береді.

Кеңсе жұмысымен танысқаннан кейін төраға басқарма басшыларымен кездесті. Онда жаңа облысты түлету мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру мәселесі сөз болды. Мемлекеттік қызметкер мінсіз қызмет атқарса сала жұмысының да жақсаратынын жеткізген төраға облыс орталығында оңды жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады.   

Алик Шпекбаев- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы

Енді қалаларыңыз жақында ғана облыс орталығы болды соған қарамай көшелер жөнделіп көптеген құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Бұл өте жақсы...

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Бүгінде Елбасынан бастап, Мемлекет басшысы барлығы Түркістанды қолдап отыр. Соның арқасында біз барлық жобаларды тездетіп жүзеге асырып жатырмыз...

 Түркістанда қазір шетел азаматтарын уақытша тіркегісі келген азаматтар бұрынғыдай сабылмайды. Өйткені, облыс орталығында азаматтарға бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсететін миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Облысқа келген агенттік басшысы сол орталықтың да жұмысымен танысты. Кезінде үйіне келген қонағын қолынан ұстап талай табалдырық тоздыратын тұрғындардың бүгінде қандай жолмен тіркеліп жатқанын көзімен көрді.

Бұл орталықтың тағы бір тиімді тұсы мекеме қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының дәл қасында орналасқан. Яғни тіркелуге келген азамат бірден екі мекемеге де соғып тірлігін тындырып кете алады. Өңірге ат басын бұрған төрағада миграциялық орталықтан кейін халыққа қызмет көрсету орталығына аялдады. Бір мезетте жүзге жуық азаматқа мемлекеттік қызметтің сан түрін көрсететін орталықтың мүмкіндігін көріп тұрғындармен тілдесті.

 

300 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

 Осы айдың 19-на құрылғанына жыл толатын Түркістан бүгінде алып құрылыс алаңына айналған. Себебі, қазір рухани шаһарда 89 нысанның құрылыс жұмысы жүргізілуде. Оның басым бөлігі баспана. Бұйыртса биыл Түркістанда 1836 отбасы қоныс  тойын тойлайды. Олардың 300-і мемелкеттік саланың қызметкері болса,

1200-і әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар. Агенттік  төрағасы сапары кезінде салынып жатқан сол үйлерді де аралап көрді.

Облыс орталығына жасаған сапары кезінде Агенттік төрағасы қалалық емхана мен агенттіктің өңірдегі өкілді жанынан құрылған  адалдық алаңы жобасының да жұмысымен танысты. 

М. Жарылқасын  

Тақырып бойынша материалдар

СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
18:16, 20 қыркүйек 2019
СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...