ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

«ТҮРКІСТАН: КӨНЕ МЕН КЕЛЕШЕК КӨПІРІ» ЖАҢА ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

14:25, 13 қаңтар 2021

Түркістан қаласында «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты жаңа облыстық өнер фестивалінің қалалық кезеңі бастау алды. Аудан, қалалық іріктеу кезеңі жас өнерпаздардың шабытын шыңдап, үлкен сахнаға жол ашпақ. «Ақжайық» музыка мектебінде өткен өнер фестивалінде түркістандық талантты өрендер өнерлерін көрерменге жаудырды.

Өнер фестивалінде ұстаздар мен мектеп оқушыларының бірлескен Халық аспаптар оркестрі Құрманғазының «Адай» күйін орындады. «Мирас» оқушылар вокалды тобы «Ұлт көсемі» әнін шырқады. 9-сынып оқушысы Шұғыла Әбілқасым Шопеннің шығармасын рояльда шебер орындап шықты. Ал қазылар алқасына мүше болған «Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек жастарға тілегін арнап, өнер көрсетті.

Шұғыла Әбілқасым – жас өнерпаз

Елдегі карантин шектеулеріне байланысты оқушылар өнерін көпшілік алдында кеңінен көрсетуге мүмкіндіктер болмауда. Дегенмен Түркістан қаласында бастама алып отырған өнер фестивалі ары қарай аудан, қалаларда жалғасын табады.  Жас өнерпаздарды қолдауға келген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жастардың танылуына жол ашатын өнер додасының қатысушыларына сәттілік тіледі.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Оқушыларға және өнерлі жастарға жағдай жасау мақсатында былтыр облыста қосымша 4 оқушылар үйі ашылып,   жалпы саны 8-ге жетті. Соның бірегейі, республикамызда теңдесі жоқ ғимараттардың бірі Түркістан қаласында жаңадан құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген «Оқушылар сарайы». Жалпы, өңірде 8 өнер мектебі, 13 саз мектебі жұмыс 3 істейді. Оның ішінде «Ақ жайық» саз мектебін ерекше атап өтуге болады. Мектеп заманауи үлгідегі музыкалық аспаптармен жабдықталған.

Тақырып бойынша материалдар

19:26, 20 қаңтар 2021
ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ТИІСТІ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
18:38, 20 қаңтар 2021
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар