ШҰҒЫЛ! ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ Толығырақ

ТҮРКІСТАН – МӘДЕНИЕТ ҚАЛАСЫ

17:57, 7 маусым 2019

Түркістан облыс орталығы болғалы 1 жылдың бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Әсіресе, рухани аймақтың мәдениет саласы оң жолға қойылып, даму үстінде. Бірқатар мәдени ошақтардың құрылысы жүріп, бүгінде ірі іс-шаралар жоғары деңгейде дамылсыз өтіп жатыр. Бұл – қасиетті шаһардың мерейін асырып, абыройын күллі әлемге паш етуге үлкен сеп. Жыл ішінде мәдениет басқармасы қандай жетістіктерге қол жеткізді? Мәдина Әсембек тарқатып айтады.

Елбасы жарлыққа қол қойған күннен бастап, мәдениет қызметкерлерінің басым бөлігі қасиетті мекенге көшіп келді. 23 мекеменің 6-ауы ғана Шымкентте қалса, қалғаны мәдени аймаққа орнығып үлгерген. Бүгінде облыста 679 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Оның ішінде 388 кітапхана, 251 клуб,  3 кәсіби театр, 7 саябақ, 2 орталық, 1 облыстық филормония бар.  Сондай-ақ,  көркемсурет галлереясы, Түркістан сарайы концерттік мекемесі ерекше дүниелерді көрермен назарына ұсынып жүр.

Нұрдаулет Исабек – Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы

Сондай-ақ, Оңтүстік фильм деген мекеме бар. Қожа Ахмет Ясауи, Ер төстік, Төле би байланысты үлкен анимациялық жобалар іске асырылып жатыр. Оның Төле би фильмі қәзіргі түсірілімі  аяқталды десек болады. Жақында арада осы обюлысымыздың 1 жылдығына орай, Астана қаласында  презентациясын өткізуді жоспаралап отырмыз.

 Сонымен, облыста аумағында жыл бойына театрда  648 спектакль сахналанып, 342 концерттік бағдарламалар қойылған. Есепті мерзімде 104 кинокөрсетілім ұсынылған. Алдағы уақытта  «Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби», Қамбар батыр», «Сауран қалашығы» атты тарихи маңызы зор  анимациялық фильмдерді түсіру жоспарлануда. Халық шығармашылығын дамыту мақсатында да 76 байқау-фестивальдер ұйымдастырылды.

Нұрдаулет Исабек – Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы

 Осы бір жылдығымызға орай, 9 маусымнан бастап, 19-шы маусымға дейін үлкен-үлкен іс-шараларды өткізсек деген жоспарымызда бар. 01:56 Өзіміздің мәдениет сарайымызда, сол сияқты Мега центрде, ауыл шарушылық саласы аудандарда жәрмеңкелер ұйымдастырады. Мәдениет бсқармасына байласты көптеген ірі-ірі іс-шаралар өтеді. Оның ішінде форум, дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар. 19 күні кешкі сағат 8-де гала концертпен тәмамдаймыз.

 Бұл мерейлі мерекеге орай, облыстан шыққан өнер жұлдыздары арнайы қатысатын болады. Атап айтқанда, Түркістан қаласының тумасы  Қайрат Нұртас, Айгерім Қалаубаева, Сәкен Майғазиев, Алтынай Жорабаевалар  әннен шашу шашады.

МӘСЕМБЕК      

Тақырып бойынша материалдар

КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
09:53, 4 сәуір 2020
КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
18:54, 3 сәуір 2020
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
09:55, 3 сәуір 2020
4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
Толығырақ...
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН  COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:16, 1 сәуір 2020
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...