ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

19:07, 8 қаңтар 2021

Президент Жарлығымен Түркістан облыстық сотының төрағасы болып Тұрысбек Ерболғанұлы Мыятбеков тағайындалды. Түркістан облыстық сотының жаңа төрағасын таныстыру рәсіміне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша коллегиясының төрағасы Абдрашид Жүкенов арнайы қатысты. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төрағаның жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірге жұмыс істейтіндіктерін жеткізді.

Тұрысбек Мыятбеков 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Мамандығы – құқықтанушы, заңгер. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің заң факультетінің құқықтану мамандығын бітірген. Еңбек жолын сот орындаушы қызметінен бастаған. Бұл лауазымына дейін ол 2018 жылдан бастап Алматы қаласы, Жетісу аудандық №2 аудандық сотын басқарған.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
18:38, 20 қаңтар 2021
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:35, 20 қаңтар 2021
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар