ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАЭКВОНДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

17:57, 4 қыркүйек 2019

Бүгін халықаралық таэквондо күні. Осыған орай, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында өңіріміздің таэквондо федерациясының президенті сайланды. Ендігі кезекте, бұл қызметті спорт жанашыры Нұрғали Қуатов тізгіндейтін болады.

Жекпе-жек спорт  түрлеріне  баланатын таэквондо  спорты олимпиада  ойындары  мен  әлем  чемпионаттарында аса  тартысты  өтеді. Соңғы кездері Түркістан  облысында таэквондо  спортын дамытуда  әлемдік  тәжірибеге  сай  жұмыстар  атқарылуда. Облыстық  таэквондо  федерациясының тізгінін  ұстаған  Арыс  қаласының  тумасы Нұрғали Қуатов  алдағы  уақытта аудандар  мен  қала  бойынша спорт  мектептерінде көптеп  таэквондо  спорт  бөлімін  ашу  қажет  екендігін  айтты. 

  НҰРҒАЛИ  ҚУАТОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАЭКВОНДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Таэквондодан облысымыздың  аға  бапкері Ренат Құралбайдың  пікірінше, аудан,  ауылды  жерлерде жекпе-жек  түрін  өркендету үшін  білікті  бапкерлер  құрамасы  жасақталған.  Талантты  спортшы  жастардың  басым  бөлігі – ауылды  жерлерден  шығатыны белгілі. Кешегі  атақты олимпиада чемпиондары  мен  әлем  чемпионаттарының  жеңімпаздары ұлтымыздың  темір  қазығы –ауылды  жерлерден  түлеп  ұшты. Түркістан  облысынан  Токио  олимпиадасының  лицензиялық  турниріне жерлесіміз  Нұрлан  Мырзабаев   қатысатын  болады. Облыс  құрамасын  таэквондодан  аға  бапкері Ренат Құралбай   бұл шәкіртіне мол  сенім  артып  отыр.

РЕНАТ  ҚУАТБАЙ –ТАЭКВОНДОДАН  ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСЫНЫҢ  АҒА  БАПКЕРІ 

Басқарма  басшысы Полат  Қырықбаев бапкерлер  мен  еліміздің таэквондо федерациясымен  бірлесе  отырып, облыста жекпе-жек  спортын  әлемдік  талаптарға  сай  дамытуды тапсырды. Ендігі  кезекте, ауылды  жерлерде таэквондо бөлімін көптеп ашып, қажетті  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етіп,  ауыл  жастарын   аталған  спорт түріне   көптеп  тарту  жоспарлануда.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...