ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

12:05, 3 қаңтар 2019

Өткен жылды Түркістан облысы толайым табыстармен қорытындылады. Жаңадан құрылған орталықта әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар іске асты. Мемлекеттік қолдау шеңберінде рухани шаһар түрленіп келеді. Даму бағдарламасындағы индикаторларының 11 айдағы көрсеткіші де көңіл көншітерлік.

 Аймақта «Түркістан облысының даму бағдарламасы» бекітілген. Оған сәйкес, өңір 6 бағыт бойынша дамитын болады. Олар экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары. Облыс экономикасының негізгі көрсеткіші жалпы өңірлік өнімі 2018 жылдың 1-жарты жылдығында 591,2 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,8 пайызға орындалған.

 Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

Қазір облыс орталығында бірқатар жұмыстар қолға алынып отыр. Оның негізгісі құрылыс саласына тиісті. Жалпы алғанда осы облыс орталығының түлеуіне бүкіл ел құлақ асып отыр. Сондықтан жұмысты жандандыра түскеніміз абзал.

 Аймақта өнеркәсіп өнімінің көлемі 11 айда 409,6 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ облысқа 240,6 млрд. теңге инвестиция бағытталып, жоспар 100 пайызға орындалған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 110,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен 1,4 пайызға артқан.Бұл көрсеткіш республика бойынша 11 орында, үлесі 3,4 пайыз.

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

Түркістанда 88 үй, 200 мың шаршы метрді құрайды. 1536 пәтер салып отыр.

Аймақтың ауылшаруңашылығы саласындағы көрсеткіші де жоғары деңгейде. Саладағы өнім көлемі 508 млрд. теңгені құрап, 11 айда -103,5 пайызға орындалған. Аймақ басшысы индикаторлық көрсеткіштерді тиісті деңгейде іске асыру мақсатында жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, жаңадан құрылған облыс орталығын әрі қарай дамыту бойынша ұсыныс білдірді.

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...