ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ - ЖАСТАР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІК

14:09, 21 маусым 2018

Түркістан қаласын облыс орталығына көшіріп, атауын Түркістан деп қалдыру - үлкен тарихи оқиға. Рухани астананың тұрғындары осылай деп пікір білдірді. Жалпы, киелі мекеннің облыс орталығы атануы - қала тұрғындары ғана емес, бүкіл Қазақ елі үшін қуанышты жаңалық. Себебі, Түркістан - қазақ мемлекетін, қазақ хандығын құруда үлкен рөлі бар қала.

Түркістанның облыс атауы ретінде қайта жаңғырып жатқаны жергілікті тұрғындарды қуантып отыр. Айтуларынша, Түркістан - 550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығының... ұзақ жылдағы астанасы. Елбасымыз Түркістанды «бүкіл түркі халқының рухани астанасы» деп атады. Бұл атау Түркістан қаласына үлкен абырой және соның арқасында бүкіл түркі тілдес халықтармен байланысымыз арта түспек.

Бекжігіт Сердәлі – Түркістан қаласының тұрғыны

Біздің Түркістандықтар үшін бұл күн ерекше тарихи күн болып тұр. Елбасымыздың жаңа облыс туралы, облыс орталығы туралы Жарлыққа қол қоюы - шынында өте маңызды оқиға. Бұл бүкіл ел күткен оқиға дер едім.Сондықтан бүкіл түркістандықтарды, барша қазақстандықтарды осы үлкен қуанышпен құттықтағым келеді.

Түркістан облысының құрылуы экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелерде өңірге тың серпін беретін болады. Мұны әсіресе, жастар жағы қуаттап отыр. Бұл өзгерістің барлығы шаһардың гүлденуіне зор үлес қосады. Ынтымағы ұйысқан аймақтың татулығын әрі қарай сабақтай түседі. Түркістан атауы қандай мәртебеге де, мадаққа да лайықты. Енді жергілікті халық алдында осындай мәртебелі атаққа сай болу міндеті тұр. Жан-жақтан лек-легімен жолданған құттықтаулар тұрғындардың көңілін көкке шалқытқаны белгілі. Алғашқы әсерлері де ерекше екені байқалып тұр.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ                         

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР  АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
16:34, 16 тамыз 2019
ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:13, 13 тамыз 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ Б...
Толығырақ...