ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕЛДІ

18:34, 22 мамыр 2020

Бүгін облысымызға жұмыс сапарымен Премьер-министр Асқар Мамин келді. Үкімет басшысы мақтаралдағы қалпына келтіру жұмыстары мен Түркістан қаласыныңдағы құрылыс нысандарын аралап шықты. Ауылшаруашылығы саласы да назардан тыс қалмады.

Үкімет басшысы Асқар Мамин Мақтаралға барған сапарында  топан судан зардап шеккен тұрғындардың баспана мәселесін шешуді талқылады.
Жарқынбек Қанаев- Өргебас ауылының тұрғыны  
Нұрлы жол Өргебас ауылдарында атқарылып жатқан жұмыс барысын бағамдады.  Бүгінде жеңіс Жаңатұрмыз және Достық ауылдарының 500 жанұясы үшін Мырзакентте жаңа мөлтекаудан бой көтеруде. Бұл үйлер алдағы екі айда толық салынып бітуі керек деген жоспар бар.
Мұнан өзге ауданда құжаттары жоқ 28 отбасыға да тұрғын үй берілетін болды . Олар бұған дейін балабақша, монша, апатты жағдайдағы жатақханада тұрып келген. Енді бұл отбасының мүшелері де жаңа үйге қол жеткізеді.
Ерлан Құралбекұлы мақтарал ауданының тұрғыны   
Түркістанға келген сапарында Асқар Ұзақбайұлы ауылшаруашылығында лозық технологияны қолданып отырған шаруашылыққа барды. Түркістан 21 өндірістік кооперативі бүгінде 723 гектар аумаққа жаңбырлатып суару тәсілін ендірген. Бұл өз кезегінде өнімділікті арттырады. Сонымен қатар бір жерден екі мәрте өнім алуға мүмкіндік береді.
Нұрбек Бадырақов- Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы  
Үкімет басшысының назарына облыстағы ауылшаруашылығы жетістіктерінің көрмесі көрсетілді. Сонымен қатар жергілікті фермерлермен кездесіп, оларды толғандырған мәселелер жөнінде сұрады. Премьер-министрдің  сапар барысында Түркістанды ауыз сумен қамту мәселесі талқыланды. Жаңадан салынып жатқан әуежай және басқа да құрылыс нысандарында жүріп жатқан жұмыстың барысын бағамдады.  Құрылыстың жедел және өз уақытында аяқталуын назардан шығармауды тапсырды.
Н.Кенжехан                  

Тақырып бойынша материалдар

«NUR OTAN » ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ
16:28, 13 тамыз 2020
«NUR OTAN » ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...