ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОММУНАЛДЫҚ ТАРИФТЕР ТӨМЕНДЕТІЛДІ

11:51, 3 қаңтар 2019

Түркістан облысында коммуналдық қызметтерге тариф бағалары төмендеді. Нәтижесінде халықтың коммуналдық қызметке төлейтін қаражатын үнемдеу шамамен 1,15 млрд. теңгеге жетпек. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мамандары ресми түрде хабарлады.

Мамандардың мәлімдеуінше  Түркістан облысы тұтынушылары -жеке тұлғалар  үшін  жаңа жылдан бастап,  электр жарығына тариф - 6,8 пайызға арзандатылды. Жылу үшін бекітілген баға да бұқараның қалтасына оң келеді. Шымкент тұрғындары үшін жылу  -15,31 пайызға, Кентау қаласының халқы үшін -23,86 пайызға төмендетілді. Ал, табиғи газ  бағасы —5,8 пайызға арзандады.

Айсұлу Әлібекова - Табиғи  монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы

Яғни, бұған дейін тұтынушылар жарықтың 1 КВТ-ына 14,48 теңгеден төлеп келсе, жаңа тариф бойынша 13, 49 теңгеден беретін болады. «Тасымалдау және өндіруші станциялардың тарифінің төмендеуі есебінен түпкілікті тарифтің төмендеуі 6,8 пайызды кұрайды. Сонымен қатар, тұтынушылардың қордаланған қарызы үшін электр энергиясынан қайта қосу төлемі 40 пайызға төмендетіледі.

Бұдан өзге, ауыз су, ағын су және су бұру қызметімен айналысатын мекемелердің 39-ы тарифтерді 5–13 пайыз аралығында төмендетті.Облыста орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін 6 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын бар. Көмір отынын қолдана отырып жылу энергиясын шығаратын мекемелер тарифін 7-24 пайыз аралығында түсіріп отыр. Қалған 2 мекеме табиғи газды қолдана отырып жылу энергиясын өндіреді. Бұл Сарыағаш және Төлеби аудандарындагы мекемелер. Газ отынын қолдана отырып жылу энергиясын шығаратын мекемелер тарифті 11-15 пайыз аралығында арзандатты.

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ                               

 

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...