ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОФТАЛЬМОЛОГТАРЫ УКРАИНА ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

13:54, 14 ақпан 2019

Түркістан облысының офтольмолог дәрігерлері Украиналық дәрігерлермен тәжірибе алмасты. Облыстық көз ауруханасында Киевтің білгір маманы Оксана Петренко ауыр көз жарақатын алған науқастарға ота жасады. Сондай-ақ, жергілікті ақ халаттыларға шеберлікті шыңдау дәрістерін өткізді.

Шетелдік дәрігер Оксана Петренконың бұл  Түркістан облысына жасаған алғашқы сапары. Білікті дәрігердің айтуынша, аймақтағы көз ауруханасында емдеу тәсілдері заманауи жолға қойылған. Жергілікті әріптестерінің де біліктілігін де жоғары бағалап отыр.

Оксана Петренко – медицина ғылымдарының докторы /Украина/

Түркістан облысына келудегі мақсатымыз – көз жарақаттарына ота жасаудағы әлемдік тәжірибені қолданысқа енгізу. Біз екі күннің ішінде 5 науқасқа операция жасайтын боламыз. Әсіресе, көз жарақатын алған науқастардың жағдайы алаңдатады. Ота кезінде көздің жоғары қабатының ішке қарай қайырылып қалған терісін қалыпқа келтіретін боламыз...

Бөтен кісілерге кіруге рұқсат жоқ. Кезекті операция жүріп жатыр. Көзді емдеу – бұрын өте күрделі болып есептелетін. Бүгінде офтальмология қарқынды дамып келеді. Ультрадыбысқа негізделген энергетикалық қондырғы тіпті дәрігермен «тілдесе» алады. Егер операция ұзаққа созылса, әр олқылықты экраннан көрсетіп тұрады. Емдеу - тегін.

 Азамат Нұрманов – Түркістан облыстық көз ауруханасының бөлім меңгерушісі

Бұл отаның ерекшелігі шетелдік дәрігер әлемдік тәжірибемен бөлісетін болады. Киев қаласының білікті дәрігері көз ақауларына тегін ота жасайды...

 Соңғы заман талабына сай құрал-жабдықтардың көмегімен көзге операцияларды пышақсыз жасауға мүмкіндік бар. Ауруханада ең күрделі емдеу шаралары жүргізіліп, жылына 2,5 мың адамға ота жасалады. Десек те, дәрігерлер мұнымен шектелмейді. Жоспарлары іске асса, болашақта операциялық бөлмеден шыққан адам бірден көзілдірігін шешіп тастайды.

Г.  Қалмырзақызы                                          

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...