ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚАРУ ЖӘНЕ ОҚ-ДӘРІ ЖАСАҒАНДАРДЫ ТҰТҚЫНДАДЫ

17:42, 11 қаңтар 2019

Төлеби ауданының полиция бөліміне атыс қаруы мен оқ-дәрі жасаумен айналысатын әлдекімдер бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Көрсетілген мекен-жайға полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында Төлеби ауданының екі тұрғынын қолға түсірді.

Ұсталған бір күдіктінің үйін тінту барысында тапаншаға ұқсас қолдан жасалған екі қару және шамамен 70-тен аса оқ табылып, тәркіленді.  Болған оқиға ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және «Қаруды заңсыз жасау» 288-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

САЛТАНАТ ҚАРАКӨЗОВА – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

 Қазіргі таңда күдіктілердің атыс қаруын заңсыз жасаумен айналысу және сақтау мақсаттары анықталуда. Полицейлер күдіктілердің дайындалған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
12:41, 17 маусым 2019
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:30, 17 маусым 2019
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар