ШҰҒЫЛ! ЖАНЖАЛ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ТУРАЛЫ ЖАҢА КИНО ЖАРЫҚ КӨРДІ

12:48, 13 ақпан 2020

Облыс орталығында "Түркістан жүрегімде!" атты жаңа туындының тұсаукесері өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен «Сақ» киностудиясы түсірген кино-новеллада рухани астаналықтар мен қонақтардың арасындағы байланыс кеңінен көрсетілген. Елжандылық, Отансүйгіштік, төл тарихты ардақтауды көрермен бойына сіңіре отырып, әдемі әзіл-қалжыңмен Түркістанның өзіндік ерекшеліктері көрермен назарына ұсынылған

Кино новеллада көне шаһардың өтпелі кезеңіндегі шынайы өмірімен қоса, жаңарған қаланың тыныс-тіршілігі түрлі мысалдар арқылы баяндалады.

Төрт бөлімнен тұратын фильмдегі рөлдерді Дәурен Әбиев, Рулан Нұғман, Сапара Әлайдарова, Лаура Мақашава сомдаған. Ал, фильмнің бас режиссері Нуриддин Паттеев.

Нуриддин Паттеев - фильмнің бас режиссері

Бұның 4 сериясы 4 түрлі тақырыпты қамтиды. Мәселен бірніші бөлімінде балалы болмай жүргендер Түркістанға келіп балалы болады. біреуінде жұмыс таппай жүргендер көшеді осы жаққа. Әйелдері қарсы болады. сөйтіп осы жаққа келіп архитектор болады. сөйтіп әдемі орнын табады.

Тағы бір бөлімінде қаланың туристік әлеуеті суреттеледі. Ол, жерде астаналық бойжеткен жұмыс бабымен Түркістанға қоныс аударады. Алғашында қиналады, алданады. Бірақ соңында көне шаһарға үйреніп қимай қалады. Сөйтіп осында тұрмысқа шығып бақытты болады. Міне соның барлығы фильмде әдемі әзіл арқылы бейнеленген. Кино комедия жанрында болғанымен астарында ауыр шындық пен көрерменге ой салатын көркемдік бар.

Дәурен Әбиев – актер

Өзі түркістанда өскенбіз. Ой-шұқырына дейін білеміз. Түркістанды білеміз жақсы ой шұқырына дейін. Сол Түркістанда жүріп кәдімгі квартира бар. такси жағынан да жүре беретін жан жақты жүре беретін алаяқтың ролін ойнадық. Ұнады барлығы енді көрермендер бағасын бере жатар.   

Күлкі мен шытырманға толы кино туынды алдағы уақытта көгілдір экран арқылы көпшілік назарына ұсынылмақ. Егер туынды жұртшылыққа ұнап жатса, шығармашылық топ тағы да жалғастыруды жоспарлап отыр.

 М. Жарылқасын                    

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
21:59, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ  ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ
21:56, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАД...
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
18:47, 25 қыркүйек 2020
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...