ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН БА?

12:46, 7 ақпан 2020

Түркістан облыс орталығы болғаннан бері бұл қалаға барыс келіс көбейгені анық. Дегенмен бүгіннің өзінде кейбір аудан орталықтарымен тікелей автобус қатынасы жолға қойылмаған. Ал, байланыс орнатылған кейбір аудан қалалардан жолаушылар легі азайған.

Тағабай Сәуленбаев-зейнеткер. Төлеби ауданының тұрғыны. Түркістанға жолы түсіп  зайыбы екеуі келіп отыр. Бірақ жол қиындығы адамды шаршатады екен,-дейді.

Тағабай Сәуленбаев- Төлеби ауданының тұрғыны

Леңгір мен Шымкентттің границасы 3-4 км. Енді Шымкентке кіресің де Бекжанға дейін 20 км жүресің. Прямой жоқ аудан орталығынан облыс орталығына.Шымкенттен прямой шығарса через Сайрам арқылы Шымкентке кірмей шығып кетуге болады ғой. Алда 3 қасиетті ай келе жатыр. Реджеп айы Шағбан айы Ораза айы. Сонда бәрі мына бабаның басына келіп кеткісі келеді құран оқып. Сонда жолға қойса, жұрттың бәрінің Түркістанда туысы жоқ қой жатып кететін. Келген адам кетеді.

Түркістан қаласы облыс орталығы статусына ие болғаннан кейін, аудандарды орталықпен байланыстыратын көлік қатынасын жүйеге келтіру мәселесі туғаны анық. Бүгінде облысымыздағы 16 ауданның 15-інен Түркістанға көлік бағыты ашылған.

Мақсат Мырзабаев- Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары 

2019 жылы 19 бағыт аштық оның 4-і халықаралық. Түркістан –Ташкент, Түркістан -Самарқан  бағыттары және Аудан орталықтары 15 бағыт аштық қазіргі таңда конкурс өткізіп жатқан жағдайымыз бар. Халықты сапалы қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселесі. Ол кісілер автобекеттерден жүріп безопасность дейді ғой соны жүргізіп жатқан жағдайымыз бар.

Дәл осы Төлебиден басқа 15 ауданның барлығына тікелей бағытта шағын және арнайы  автобустар бар. Олар Түркістандағы жаңа автовокзалдан жүреді. Дегенмен күнде жолаушы бола бермейді. Тіпті кейде  бензиніміз де ақламайды , дейді жүргізушілер.

Әбділдә Құрманов- автобус жүргізушісі

Арыстан 8-30-да шығамыз.Қазір осында келдік. Енді міне күтіп тұрмыз. Адам жоқ, кейде 3-4 адаммен қайтамыз. Осы автовокзал ашылғалы бері жүріп жатырмыз. Халық үйренген еді. Енді міне февраль айы ғой адам жоқ. Қыста адам көп жүре бермейді ғой. Содан шығар.

Түркістандағы жаңа автовокзал қала шетіне орналасқан. Алайда бұл жерге орталықтан не бәрі әзірге екі ғпнп бағыттағы автобус жүреді. Мамандар болашақта  жүру кестесін жиілетіп, қосымша бағыттар ашамыз деп отыр.Айта кетейік былтыр Түркістанға 1 млн 600 мың турист келген. Ал саяхатшылар санын арттыру үшін қалааралық көлік қатынасын жолға қою мәселесі өзекті екені айтпаса да түсінікті.

 Н.Кенжехан                                        

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:23, 30 қазан 2020
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...