ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ 222-ГЕ ЖЕТТІ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА OPEN SPACE ҮЛГІСІНДЕГІ ҚАБЫЛДАУ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

20:33, 19 қыркүйек 2019

Түркістанда «Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау кеңсесі OPEN SPACE форматына көшірілді. Бұл Жоба Елбасының партияны қайта жаңғырту бағдарламасына сай іске асып отыр. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қасиетті қалаға арнайы келіп, жаңа жүйеге оң бағасын берді. Мұндай форматтағы қабылдау Алматыдан кейін Түркістанда ашылып отыр.

2019 жылдың 8 айында Қоғамдық қабылдауға түркістандық азаматтар  5933 арыз түсірген. Оның 45%-ы оңтайлы шешіліп, 3097 өтінішке заң аясында кеңес берілген. Ал, 74 өтініш қаралу үстінде. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 88 048 мүше бар. Олардың 255-і Бастауыш партия ұйымында. Ал, аймақтық партия филиалдарының саны – 16. Сондай-ақ, партияның бірінші орынбасары «Түркістан стансасы» бастауыш партия ұйым мүшелерімен кездесті. 2012 жылы құрылған ұйымның құрамы қазір 635 мүшемен толыққан. Түркістан стансасы – Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде Түркістан вокзалында жедел штаб құрды.  Зардап шеккен тұрғындарды күтіп алып, қысылтаяң тұста көмек қолын созды. Бауыржан Байбек сапар барысында Арыс қаласына барып, тұрғындармен тілдесті. Жаңа кейіпке енген аймақтағы баспаналарға арнайы кіріп, құрылыс сапасын саралады.

Д.Өмірзақова                                                                                 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
18:53, 26 мамыр 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
МАҚТААРАЛДА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ
18:42, 26 мамыр 2020
МАҚТААРАЛДА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЗООБАҚТЫҢ  63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
15:23, 26 мамыр 2020
ЗООБАҚТЫҢ 63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар